«КЕРБҰҒЫНЫҢ» ТҰҒЫРЫ
23.09.2021
445
0

Қазақтың көрнекті жазушысы, кербұғы тектес кесек талант Оралхан Бөкейдің Өскемен қаласында қоладан құйылған жаңа мүсіні орнатылды.

Тырнақалды шығармаларымен-ақ қазақ прозасына түрен салған асқақ талантқа туған халқының махаббаты ерекше. Биіктігі 4,8 метрге жететін ескеркіштің ашылу салтанатында мұзтаудың мұзбалағының есімі кезекті рет ұрпақ санасында жаңғырды. Салтанатты шарада қала әкімі Жақсылық Омар сөз алып: «Осы уақытқа дейін бұл тұғырда фибробетоннан жасалған кеудемүсін тұрды. Оның сапасы көңіл көншітпеді. Соған орай қоладан жаңа мүсін орнатуды жөн көрдік. Мүсін авторлары – Нұрбол Қалиев пен Мейрам Баймұханов», – деп, мүсіншілерге алғыс білдірді.

Жазушының ескерткіші қалада бұдан бұрын 2013 жылы  орнатылып, №44 мектепке қаламгердің аты берілген болатын.

Өскемен қаласында Алтай өлкесінде туып-өсіп, қазақ әдебиетіне олжа салған қаламгерлерге арналған игілікті  шаралар бұдан әрі де өз жалғасын таба береріне сеніміміз мол.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір