АНАЛАР КЕҢЕСІ АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР АТҚАРАДЫ
14.09.2021
431
0

2021 жылы Қарағанды облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің құрамында – 20, ал аймақ бойынша 1111 адам тіркелген. Облыс бойынша 189 Аналар кеңесі жұмыс атқарып келеді.

Кеңес мүшелері «Біз біргеміз!», «Мың алғыс», «Үйде отыр», «Жақыныңа жанашыр бол» акциялары аясында жемісті еңбек етіп отыр.

«30 игі іс» акциясы аясында жұмыссыздықты жою, кәсіп көзін ашу және аналарды қолдау мақсатында «Аналардың қолымен – Руками наших мам» жәрмеңкесі ұйымдастырылса, балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін тегін шеберлік сабақтарын өткізіп келеді. Оларға әр мейрам сайын «Мерекелік дастархан» ұсынылады.

Аналар кеңесінің негізгі мақсатының бірі – отбасы құндылығын арттыру. Осы мақсатта балалар үйімен, көпбалалы, жалғызбасты аналармен және аз қамтылған отбасылармен «Ұл бала мен қыз баланың арасындағы қарым-қатынас», «Бесік жыры», «Әжемнің ертегісі», «Отбасы – жеке тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің негізі» сияқты түрлі кездесулер, семинарлар өткізеді. Отбасын сақтап, зорлық-зомбылықты болдырмау үшін құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызы зор. «Неке және отбасы» тақырыбында кәсіби заңгер, кәсіби медиаторлармен бірлескен жұмыстар жүргізіліп, еркін пікір алмасуды қалыптастырып келеді.

Қазіргі таңда Аналар кеңесі аймақтарды қоса алғанда ел мүддесі үшін салауатты да саналы ұрпақ тәрбиелеу және үлгілі отбасы бейнесін қалыптастыру үшін ауқымды шаралар атқарып жатыр.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір