Монодрама байқауы
М. Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры Республикалық «МОНОДРАМА» байқауына пьесалар қабылдауды жалғастыруда
- Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
— қазақстандық авторларды қолдау;
— театр репертуарын жаңа туындылармен толықтыру;
— жаңа көркемдік кеңістіктердің игерілуіне жол ашып, драматургияда жаңа есімдердің пайда болуына және олардың кәсіби өсуіне мүмкіндік тудыру.
- Байқауды өткізу мерзімі:
— пьесалар 2020 жылдың 1 қыркүйегінен 2021 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады;
— байқау нәтижесі 2021 жылдың 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай жарияланады.
- Байқаудың өткізілу тәртібі:
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
— үздік тарихи монодрама;
— үздік заманауи монодрама;
— үздік инсценировкалық монодрама.
* * *
— байқауға республика азаматтары және шетелдегі қандастарымыз қатыса алады;
— байқауға қазіргі театр талабына сай жазылған, бұрын қойылмаған, жарияланбаған, өзге байқауларға қатыспаған жаңа монодрамалар, моноинсценировкалар (автор туралы мәліметтермен және автор суретімен қоса) жолдануы шарт;
— авторлар бірнеше номинацияға қатыса алады, номинацияда көрсетілген әрбір жанрға бір шығарма ғана ұсынылады;
— байқауға ұсынылатын пьесалар компьютерлік 20 беттен аспауы тиіс (шрифт Times NewRoman-14);
— монодрама, моноинсценировкалар teatr_auezov@bk.ru электронды поштасына МОНОДРАМА БАЙҚАУЫНА деген тақырыппен жолдануы шарт;
— байқауға түскен шығармаларды кәсіби мамандардан тұратын Сарапшылар кеңесі сараптайды.
- Байқау қорытындылары бойынша:
— үздік деп танылған бір монопьеса не моноинсценировка театр репертуарына алынып, сахналанады;
— көркемдік тұрғыдан сараптан өткен бірнеше туынды көрермендер назарына телеспектакль түрінде ұсынылады;
— сонымен қатар сәтті деп танылған кей монопьесаларды режиссерлік, актерлік лабораторияларда оқу, сондай-ақ жеке жұмыстар түрінде қою ұйымдастырылады.
Ескерту: Театрдың пьесаны сахналау (түсірім жасау) барысында редакциялау, өзгеріске ұшырату (автор келісімімен) құқығы бар.
Анықтама үшін: 8 (7273) 78-54-00 Қабылдау бөлмесі