Луис Глюк: Енді мен достарымды жоғалтып алуым мүмкін       
08.10.2020
1173
0

2020 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын Луис Глюк еншілеген соң, оның алғашқы сұхбаты Нобель сайтына шықты. Сұхбаттасушы Нобель Медиасының бас ғылыми қызметкері Адам Смис. Сұхбатты ағылшын тілінен аударған Дүйсенәлі Әлімақын

– Сәлеметсіз бе! Есімім Адам Смис, Нобель комитетінен сізге хабарласып тұрмын.

– Есенсіз бе! Бірақ маған сөйлесу ыңғайсыз сияқты.

– Тек екі-үш сұраққа жауап берсеңіз болды.

– Мен қарсы емеспін, бірақ дәл қазір кофе ішуім керек … екі минут ғана дейсіз бе?

– Рахмет! Осы екі минутты пайдаланып, сіз үшін Нобель әдебиет сыйлығының мәні не екенін сұрағым келеді.

– Не айтарымды білмей отырмын. Ең алдымен ойыма келгені енді достарымнан айырылып қалатын сияқтымын. Өйткені менің достарымның көпшілігі жазушылар. Бірақ содан кейін мен «жоқ, олай болмайтын шығар» деп те өзімді жұбаттым. Бұл мен үшін жаңа қуаныш, сол үшін оның шынайы мәнін әлі сезіне алмай отырмын. Меніңше бұл сыйлық қаламгер үшін ең үлкен бедел. Оның үстіне мен мойындамайтын адамдар да бұл сыйлықты алған. Енді мен алдағы шаруаларым туралы жоспар жасаймын, тіпіт кейбірі жақында жүзеге асып қалар. Вермонттан бір үй сатып алсам деген ойдамын. Қазір Кембрижде бір саяжайүйім бар. Дәл осы сәтте «енді үй сатып алатын болдым» деген ой ғана менің басыма келді. Бірақ мен көбінесе жақсы көретін адамдармен бірге күнделікті өмір туралы алаңдаймын.

– Мұның бәрі назар аударумен қатысты болса керек

– Бұл босқа әуере етеді, телефон үнемі шырылдап, мазалайды. Қазір де шырылдап жатыр, құлағыма тыныштық жоқ.

– Мен бұл жағдайды жақсы түсінемін. Сіздің шығармашылығыңызбен таныс емес адамдар да бар болу керек.

– Өте көп.

– Оларға шығармаңызды оқуды бастайтын бір жерін нұсқап жібергеніңіз дұрыс шығар, мүмкін ең қызықты жерін.

– Жоқ, өйткені менің кітаптарым бір-бірінен мүлдем өзгеше. Мен оларға менің бірінші кітабымды менсінбегісі келмейінше оқымауын айтқым келеді. Бірақ ендігі барлық нәрсе мен үшін тым қызықты деп ойлаймын. Маған жақында жазған кітабым қатты ұнайды. «Аверно» деген кітабымды немесе «Ізгі түн» атты соңғы еңбегімді бастап оқуға кеңес бере аламын.

– Қазіргі уақытта өмір тәжірибесінің құндылығына көп көңіл бөлінеді, бұл біз үшін қажетті деп білемін. Өмірлік тәжірибелер туралы сөйлесу мүмкіндігі қаншалықты маңызды деп ойлайсыз?

– О, Тәңірім! Бұл өте өзекті мәселе. Бұл жерде уақыт әлі ерте, сағат жеті болған да жоқ. Айтуға тұрарлық ойлар мен идеялар бар екеніне сенімдімін. Бірақ …

– Бұл сіздің жазушылықтағы жеке дара стиліңіз ғой, бұл жөнінде тағы да сөйлесуге мүмкіндік туар.

– Екі минут бітті ме?

– Иә, қалжырап кеткен екенсіз, уақыт шығарып, сұхбат бергеніңізге рахмет! Үлкен сыйлықты еншілегеніңізге тағы да құтты болсын айтамын!

– Рахмет!  

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір