АЛМАТЫДА АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАҢА ГҮЛБАҚТАРЫ АШЫЛДЫ
07.07.2020
616
0

Астана күнін мерекелеу қарсаңында Алматы қаласында халық өмірінің сапасын арттыруға арналған бірқатар нысандар іске қосылды. Соның ішінде бос уақытты тиімді өткізуге арналған үш жаңа қоғамдық алаң ашылды.

    Олардың арасында «Будённый» және «Маяк» скверлері, яғни қала ішіндегі шағын гүлбақтары бар. Сонымен бірге, Жамбыл көшесінің бойы мен Қожамқұлов көшесінің бұрышындағы учаскені абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Алаңда скейтте, самокатта сырғанау, велосипед тебу сияқты заманауи спорт түрлерімен айналысу үшін барлық жағдайлар жасалған. Басты мақсат – қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы микроклимат жасау.

 «Алматы-2050» стратегиялық бағдарламасы бойынша белгіленген міндеттерге сәйкес, қала әкімшілігінің қызметінде басымдық берілген бағыттарының бірі –қалада қолайлы орта қалыптастыру. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен қаланы абаттандыру бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде және түрлі жобалар, атап айтқанда, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Қатысу бюджеті» бағдарламаларының аясында жүзеге асырылуда.

«Будённый» скверінің жалпы аумағы 1,1 га құрайды, кеспе  (брусчатка) жабынының аумағы – 2150 шаршы метр, асфальт жабынының аумағы – 1 579 шаршы метр. Тұрғындар үшін скверде қолайлылық және қауіпсіздік орнату үшін заманауи 50 LED жарықшамдары орнатылған. Сонымен бірге, 16 жаттығу құрылғысы бар воркаут алаңдардың 4 түрі бар.

  «Маяк» скверінде футбол алаңы, стрит-болл алаңы, сондай-ақ, жаттығу құралдары бар 2 воркаут алаңы бар.

Бүгінде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен қаланы абаттандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2019 жылы 140-тан астам көше жөнделсе, 2020 жылы  200 көшені жөндеп, тұрғындарға қолайлы болу үшін жерүсті жаяу жүргіншілер өтетін жолдарды салу жоспары бар. 11 жобаны жүзеге асыру басталды, олардың арасында саябақтарды, скверлер мен көшелерді абаттандыру, өзен арналарының учаскелерін реконструкциялау және т.б. бар.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір