БАШҚҰРТ ӘНШІСІ «КӨЗІМНІҢ ҚАРАСЫН» ОРЫНДАДЫ
09.05.2020
638
0

Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, халық музыкант-аспапшысы Азат Бикчурин Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығымен ұйымдастырылған музыкалық шараға қосылып, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін башқұрт ұлттық аспабы – қурайдың сүйемелдеуімен орындады.

Бұл композицияға ерекше үн сыйлады. «Құрметті Қазақстанда тұратын жерлестер! «Ақбозат» башқұрт этномәдени бірлестігінің өтініші бойынша қазақтың көрнекті ағартушысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының челленджіне қатысуға шешім қабылдадым. Барлығыңызға бейбітшілік пен мейірім тілеймін», – деді Азат Бикчурин.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір