ӘҢГІМЕ ЖАЗУДЫҢ ШЕБЕРІ
27.05.2020
1444
0

 

– Мархабат Байғұт – қазақ прозасындағы талантты өкілдердің бірі. Әсіресе ауыл тіршілігін, ондағы адамдардың мінез-құлқын, сөйлеу тілін, жалпы ауыл өмірінің бояуын беруде Мархабаттың өзіндік ерекшеліктері бар. Жазылған туындылардың бәрін оқи бересің ғой. Бірақ сүйсініп оқу бір басқа. Ал Мархабаттың жазуындағы адам бейнелері мен олардың әр сөзінің көңілге жылы ұялайтын қасиеті бар. Мұның бәрі жазушының талантына, мүмкіндігіне байланысты. Ауыл өмірін жазу ауыл тіршілігін білуіне байланысты. Осының бәрі Мархабаттың талантты жазушы ретінде қалыптасуына әсер еткен. Қалай десек те, «1970-1980 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі проза жанрында қандай өсу, өркендеу болды, қандай жаңалықтар болды?» дегенде аталатын есімнің бірі – Мархабат Байғұт. Қазақ прозасына әр беруде, бояу беруде, сән беруде өзінің қосқан үлесі көп. Жазушыны 75 жасқа толуымен құттықтаймын!

«Қазақ прозасында қандай өсу, өркендеу болды?» дегенде аталатын есімнің бірі – Мархабат Байғұт»

Маған Мархабаттың әңгімелерінің көпшілігі ұнайды. Ол – әңгіме жазудың шебері. Әңгіме жазуда көркемдік деңгейі жоғары жазушы. Мархабаттың әңгімелерінде сезім, жылылық, юмор бар. Бұл шеберлік әңгіме жазуда өте керек қасиет. Ол азамат ретінде елдегі қоғамдық істерге араласып жүреді. Өзінің ортасына, оңтүстік өңіріне беделді қаламгер. Халық қана сыйламайды, жергілікті билік те сыйлайды. Осының бәріне қол жеткізуге оның адамдық болмысы себепші.

Тынымбай НҰРМАҒАНБЕТОВ, жазушы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір