ҰСТАЗДАР ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ!
«Ұстаздық қылған жалықпас ,
Үйретуден балаға».
Абай Құнанбайұлы
Қазір бүкіл әлем өмірімізде атын естіп көрмеген COVID-19 аталатын індетпен күресіп жатыр. Бұл вирус біздің елімізді де айналып өткен жоқ. ТМД бойынша алғашқылардың бірі ретінде алдын-алу шараларын қолға алып, төтенше жағдай енгізілген елміз. Сондай режимге тап болғанда, қызметіміз де, оқу орындары мен мектептер де түгел онлайн жүйесіне көшіп, біраз әбігерге түскеніміз де жасырын емес.
Жұмысы, не өзге де шаруасы бар ата-аналар, өз балаларымыздың білім алу, сабақ оқу жауапкершілігін көбіне ұстаздарға аманат етеміз ғой. Себебі, «Мұғалім- мектептің жүрегі» деп, бекер айтпаған болар Ы.Алтынсарин.Еліміздегі соңғы жағдайларға байланысты, алтындай ұл-қыздарымыздың тәрбиесі мен білім алуының қаншалықты үлкен сабырлық пен төзімділікті, ақыл мен парасаттылықты талап ететінін байқадық. Бұрын үлкен қарияға дейін құрметтейтін ұстаздың бүгінгі күні де ерекше құрметке ие екені осы күндері білінді. Балаларымыздың екінші анасындай қамқор болатынына қайран қалдық. Мұғалімдік – сырттай қарапайым болғанмен, тарихтағы ең ұлы істің бірі екендігіне көзіміз анық жетті. «Мұғалім — зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті» (К.Д.Ушинский). Осыны түсінетін кез жетті.
Құрметті ұстаздар қауымы! Карантин кезінде де балалармен байланысты үзбей, мектептегі білімді үйде алуға мүмкіндік сыйладыңыздар, әртүрлі жобаларға қатыстырып, балалардың білім деңгейін жоғарлатуда еңбек етудесіздер. Әр баланың сұрағына үн қатып, жауабын бағалап, жеке уақыт бөліп отырғандарыңызға өзіміз күәміз. Шәкірттеріне әр сәттен жақсылықты табу қабілетін дарыта алатын, білім алуды тоқтатпау керектігін өз тәжірибесінде көрсете алатын Өздеріңізге алғыстан басқа айтарымыз жоқ! Аман жүріңіз құрметті Ұстаз!
Сіздер құрметке лайықсыздар!
Раушан ЖАКИПБАЕВА,
Әуезов ауданы,№104 жалпы білім беретін мектептің 9 «а» сынып
ата-аналарының атынан
Алматы қаласы
ПІКІРЛЕР4
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.