«Күй тыңдайық»: қобызшы Раушан Оразбаеваның орындауында Ықыластың «Аққу аңызы»
23.04.2020
2548
0

«Қазақ әдебиеті» газетінің «Күй тыңдайық» жобасын күйші, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры, күйші-композитор Төлепберген Тоқжановтан қабылдап алған қобызшы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Өнер университетінің доценті, ұстаз Раушан Оразбаева Ықылас Дүкенұлының әйгілі «Аққуын» орындады. Күй сәлемді ары қарай қобызшы Ақнар Шәріпбаева жалғастырады.

Оразбаева Раушан Жұмабекқызы 1973 жылы 17 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.1983-1991 жылдары Алматы қаласындағы  Ахмет Жұбанов атындағы  саз мектебінде ұстаз Ә.Жұмабекұлынан қобыз аспабынан дәріс алған. 1991-1996 жылдары Құрманғазы атындағы  Ұлттық консерваторияның «Халық музыкасы» факультетін, 1996-1999 жылдары  консерваторияның  орындаушылық  аспирантурасын Ә.Жұмабекұлы жетекшілігімен бітірген. 1997-2001 жылдар аралығында  Президенттік  оркестрдің жанындағы халық музыкасы ансамбілінің солист-концертмейстері қызметін, сонымен  қатар Музыка Академиясында ұстаздық  қызметін атқарды. 2001-2013 жылдары Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваториясының «Қобыз»  кафедрасында аға ұстаз болып қызмет етті. 1990 ж. II Құрманғазы атындағы  Республикалық, 1995ж. Алматы қаласында Дәулет Мықтыбаев атындағы   Республикалық, 1996ж. I-Дина Нұрпейісова атындағы   Республикалық, 2008ж. I-ші Ықылас Дүкенұлы атындағы Республикалық байқаулардың лауреаты атанды. 2004 жылы Италияның Торино қаласында Аққу атты жеке CD жарық көріп әлемге таралып, кең танымалдылыққа ие болды.

2012 ж. Арда деген CD шықты.

2006ж. «Күй-Керуені»  атты фестивалінде – «Алтын қобыз» иегері атанды.

2007ж. «Күй керуені» фестивалінде «Алтын домбыра» иегері атанды.

2005ж.  Раушан Оразбаеваға ҚР Мәдениет  Министрлігінен – «Мәдениет қайраткері» деген атақ берілді. 2019 ж. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағымен марапатталды.
Раушан Оразбаева қазақтың дәстүрлі  күй өнерін қобыз арқылы  Қазақстан мәдениеті  күндерінде ел ішінде, сондай-ақ  жеке концерттерімен Түркия, Иран, Малайзия, Франция, Италия, Англия, Испания, Голландия, Жапония, Австрия, Бельгия, Швейцария, Германия, Үнді және жақын шет ел мемлекеттерінде кеңінен   дәріптеп жүр. Айта кетсек:  Қорқыт, Ықылас, Сүгір, Тәттімбет, халық күйлері және т.б күйші-композиторлардың күйлерін   қобызға лайықтап түсіріп, халықтың арасында насихаттауда. 2014 жылдың 17 сәуірінде  «Аққу» атты жеке шығармашылық концертін және 2018 жылдың  24 сәуірінде «Аққулар» сазы атты шығармашылық концертін Астанада өткізді. Раушан қазіргі уақытта Қазақ ұлттық өнер университетінің қобыз кафедрасында ұстаздық жұмысын жалғастыруда.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір