«АҚЖАЙЫҚ ЖАҒАЛАУЫ СЫР ШЕРТЕДІ»
30.10.2015
1781
0

183475_1084607571__________________________

27 қазанда Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер музейі қорынан «Ақжайық жағалауы сыр шертеді» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.


Атырау облысы мәдениетінің өткені мен бүгінгісін таныстыратын музей қорында 1600-ге жуық жәдігер бар. ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ұйымдастырылған «Ақжайық жа­ғалауы сыр шертеді» атты көрменің басты мақ­саты – аймақтар арасындағы мәдени байланысты нығайту, музей ісін дамыту. Көрме­ге әр түрлі жанрдағы 40 туынды қойылды.
Көрмеге қойылған Жанәбіл Рахметов, Мұ­хит Калимов, Гүлфайрус Ысмайылованың және тағы басқалардың туындылары портрет өнері­нің керемет үлгілері болып табылады. Олар су­рет кейіпкерін дәлме-дәл бейнелейді. Ол үшін әр суретші тиісті шешім тауып, кейіпкеріне қор­шаған ортамен салыстыра отырып мінездеме береді. Қамбарбек Аманов, Жоламан Аралбаев, Рафаэль Слекеновтің туындыларында ауыл өмірі кеңінен бейнеленген. Дәстүрлі түрде күн­нің батуы, ағаштар, құдықтар мен шөптер өсім­дік­тердің жарылуы, жердің дірілдеуі секілді ақылға сыймайтын пейзажға ауысады. Амандос Ақанаев, Әділхайыр Жантасов, Ерболат Шеруеновтің туындылары ата-бабалар дәстүрін негізге ала отырып, туған өлке тарихын әлемге танытады. Сәдір Кәрібай, Отарбай Кендір, Қабдол Досниязов, Анатолий Бажанов сынды суретшілердің туындыларында отбасылық жылылық пен туыстық қатынастарды, салт-дәс­түрлерді бейнелей отырып, рухани әрі тұр­мыс­тық сипатта туған жердің кейпін сипаттайды.
Көрмеге арқау болған – суретшілердің ту­ған жерге, Атырау қаласына, Ақжайыққа деген сүйіспеншілігі. Осы топтамадағы суреттер көгіл­дір және сарғыш қоңыр түспен берілген. Қала және қала маңының толассыз өзгеріп жатқан ажары ерекше әсерге бөлейді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір