«Күй тыңдайық»: Жігер Бертісовтың орындауында Ахат Байбосыновтың «Оркиігі»
18.04.2020
1913
2

«Қазақ әдебиеті» газетінің «Күй тыңдайық» жобасын күйші Қуат Аманжолдан қабылдап алған Жігер Бертісов тарту етті. Күй сәлемді ары қарай Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры, күйші-композитор Төлепберген Тоғжанов пен атыраулық күйші Ринат Ғимранов жалғастырады.

Бертісов Жігер Талғатұлы – 1985 жылы 15 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында дүниеге келген.   

  2003-2005 ж.ж. Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халық музыкасы факультеті, домбыра мамандығы бойынша бітірген.  2012-2014 ж.ж. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының дәстүрлі музыка өнері,  домбыра мамандығы бойынша  «өнертану ғылымының магистрі» дәрежесін алады. 

2009 жылдан бастап, Фольклорлық-этнографиялық «Сазген-сазы»  ансамблінің әртісі, жеке орындаушысы болып қызмет істеді. Жұмыс барысында үлкен концерттерде жеке орындауда өнер көрсетіп  жүрді. Осы ұжыммен концерттік сапарларға шығып,  Біріккен Араб Әмірлігі  (Дубай, Абу-Даби),  Франция  (Париж), Корея (Дэгу),  Түркия (Стамбұл, Анкара, Амасра)  сияқты шет елдерге барып, қазақ өнерін дәріптеп, халықтың қошеметіне бөленіп жүрді.

2011 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, домбыра кафедрасының меңгерушісі, ҚР мәдениет қайраткері — Садықов Сәлімгерей Бақтыгерейұлының шақыруымен оқытушы болып, 2013 жылға дейін қызмет атқарды.

2018 жылы Шығыс Қазақстан облысының тумасы, күйші-композитор Әділбек Атығаевтың шығармашылығына арналған Жігер Бертісовтың «Серпін» хрестоматия жинағы жарық көрген.

Қазіргі таңда күйші-орындаушы ретінде күйшілік өнерді дәстүрлі музыка фестивальдері мен республикалық телеарналар арқылы «Qazaqstan» ұлттық телеарнасындағы «Дала думан», «Күй-тартыс»,  «Ғасырлар үні»,  «Дара жол» «Хабар» телеарнасындағы «Алтыбақан», «Ғасырлар пернесі», «Алматы» арнасындағы «Інжу-маржан» сияқты т.б. ұлттық тележобаларға қатысып, насихаттап келеді.

ПІКІРЛЕР2
Аноним 19.04.2020 | 12:12

Керемет

Аноним 19.04.2020 | 20:16

Жигер бауырым онерин орге жузсен! Казактын куи керемет кой.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір