«ПЕРІШТЕЛЕР УАҚЫТЫ» КҮТЕДІ
06.02.2020
707
0

2020 жылдың 11 ақпан күні сағат 12.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде БАҚ үшін 11-25 қаңтар аралығында өткен «Періштелер уақыты» атты авторлық интерьерлік қуыршақтардың аукцион алдындағы көрмесінің аралық қорытындысына  және 2020 жылдың 25 қаңтарында өткен қайырымдылық аукцион қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтеді. 

     Жоба ұйымдастырушылары – Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің  өкілдері, Ресей Федерациясы Бас консулдығының консулы, ҚР Ресей ынтымақтастығы өкілдігі, «Вселенная кукол»  орталығының жетекшісі және «Help Today» қайырымдылық қорының қызметкерлері баспасөз конференциясына қатысады. Баспасөз конференциясы барысында «Періштелер уақыты» қайырымдылық көрмесі жәдігерлері аукционның нәтижелері жарияланады. 

БАҚ назарына «Help Today» қорымен дайындалған реципиент туралы әңгімелейтін бейнематериалдар көрсетілетін болады. Сіздер сатылмаған жәдігерлердің интернет-саудасына куә боласыздар. Қатысушыларға осыдан кейін болатын сауданың интернет-платформасы ұсынылады. 

Жоба ұйымдастырушылары «Періштелер уақыты» үшінші аукцион алдындағы авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі және жобаның келешегі туралы барлық сауалдарға жауап береді. 

Алматыдағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының консулы, Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы жетекшісінің орынбасары Ирина Переверзева «Help Today» қорының өкілдеріне өз коллекциясынан 2018 және 2019 жылдардағы аукциондардан сатып алған ең үздік қуыршақтарды тапсырады. Қуыршақтар 2020 жылы интернет-саудаға түседі, одан түскен қаржы муковисцидозбен ауыратын балаларға беріледі.  

Муковисцидозбен ауыратын балаларға берілетін «Періштелер уақыты» қайырымдылық жобасы осымен үшінші жыл өтіп жатыр. 2018-2019 жылдары ұйымдастырушылар 1 300 000 теңге жинады, оған дертке шалдыққан балаларға тыныс алу аппараттары сатып алынды және шығын қаражатына жұмсалды.

     Ұйымдастырушылар қайғы-қасірет шеккен балалардың мүддесі үшін жемісті ынтымақтастыққа үміттенеді. Періштелер уақыты бітпейді, өйткені Періштелер біздің арамызда жүр.

 

Оксана ТАНСКАЯ, жоба кураторы

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір