САРАНЫҢ ЖОЛЫ
14.01.2020
941
0

Сара Кей – америкалық ақын. 1988 жылы Нью-Йорк қаласында дүниеге келген. «Дауыс» атты поэтикалық шағын театрдың іргетасын қалаған белсенді жас. Броун университетін Өнер тарихы мамандығы бойынша бітірген. «B», «Тип», «Біздің ынтық арман» атты жыр жинақтарының авторы. Оның өлеңдері туралы әдебиеттанушылардың пікірі әртүрлі. Бірі «Сара поэзияның жаңа үлгісін оқырманға ұсына алды» десе, енді бірі «Оның жазып жүргені қарапайым дүниелер. Ешқандай жаңалық емес», – дейді.

ҚОЛ

Адамдар бұрын менің қолым әдемі

                болғанын айтады,

Сол пікірге мен ақыры сенетін болдым.

Мезгілдің маған не бергені есімде жоқ.

Толқынды жылдардың қол бұлғағаны

Бізге қарап қол бұлғаған жігіттерге

                ұқсайтындай.

Өзгемен қалай өтеріңді қол бізге үйретеді.

Тіпті, қарындаш пен қаламды қалай

                ұстауды да,

рояль пернесін қалай басуды да,

Жан қалауың жарасқан адамдармен

                қалай қауышуды,

Ана сүті ауызынан кетпеген сәбилерді

                қалай көтеруді де,

Қолымыз бізге үйретеді.

Адамдарға сыйлаған махаббатты

                қолыма да сыйлай аламын.

Біздің компасымыз – қолымыз,

Бал ашатындар қолыңа қарап,

                тағдырыңды болжайды.

Сол үшін мен өз қолымнан өткен

                күннің бедерін көре аламын.

Қолымдағы әрбір сызықтың айтары

                бардай сезіледі.

Қолымның әрбір саласындағы сиқырлы

                жазуларды оқуға ынтықпын.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір