«ALMATY INVESTMENT FORUM – 2019» ФОРУМЫ ӨТЕДІ
23.11.2019
514
0

27 қарашада Алматы қаласында 2019 жылғы Алматы инвестициялық форумы өтеді. Форумының басты тақырыбы – Қазақстанның оңтүстік астанасының инвестициялық тартымдылығын арттыру.

7 панельдік сессиядағы пікірталастар форумның 500-ден астам қатысушыларының назарын аударады, оның ішінде: ірі әлемдік және қазақстандық компаниялардың, ҚР министрліктерінің, қаржы институттары­ның басшылары және халықаралық ұйым­дар­дың өкілдері де бар.

Аталған форумның мақсаты – бизнесті дамытуды ынталандыру, Алматыға шетелдік инвесторларды тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу. «Алматы – шетелден келген инвесторлар үшін ең тартымды өңірлердің бірі. «Almaty Investment Forum» – Алматы кәсіпкерлері мен әлеуетті инвесторлар диалог орнатуға, қызықтыратын сұрақтар мен қойылған міндеттерді шешу жолдарын талқылауға мүмкіндік беретін алаң болмақ», – дейді форум ұйымдастырушылары.

Талқыланатын мәселелерге  Алматы­ның инвестициялық тартымдылығы, «ақыл­ды қала» тұжырымдамасын қолдану нысандары мен құрылыс материалдарының экологиялық қауіпсіздігіне қойылатын жаңа талаптар, инновациялық көзқарастар әсерінен өзгеретін жылжымайтын мүлік нарығындағы үрдістер кіреді.

Жаңа Жібек жолындағы көлік-логисти­ка­лық орталық позициясын күшейту, қала­н­ың инфрақұрылымдық дамуы – осы форум аясында талқыланылатын негізгі тақырып. «Almaty Investment Forum – 2019» сес­сиясы аясында Алматының жаңа халықара­лық туризм орталығы ретіндегі тұсаукесерін өткізу жоспарланған. Адам капиталын дамыту тақырыбы да назар­дан тыс қалмайды.

Инновациялық даму мәселесі дөңгелек үстел форматында өтеді: IT-бизнес капитандары мен сарапшылар Алматыдағы стартаптар мен инновациялардың болашақ өсу секторларын талқылайды. Форум сессияларында беделді саясаткерлер, белгілі экономистер мен қаржыгерлер, әлемдік стартап-жобалардың негізін қалаушылар және жер­гілік­ті think-tank өкілдері сөз сөйлейді.

«Almaty Investment Forum – 2019» хедлайнерлері – Түркияның бұрынғы вице-премьері Мехмет Шимшек, McKinsey жаһандық институтының басшысы Джонатан Вотцель, TiE Global қауымдастығының президенті Шарма Махавир Пратар, орталық және Шығыс Еуропа, Орталық Азия елдері бойынша Nokia вице-президенті Микко Лаванти, Катар Сауда-Өнеркәсіп палатасының вице-президенті Мохаммед Бин Тауар Аль-Кавари, сондай-ақ жетекші қазақстандық компаниялардың топ-менед­жер­лері қатысады. Форум бағдарлама­сында коммерциялық келісімдерге қол қою рәсімі жоспарланған.

Уақыты: 27 қараша 2019 ж., 10:00-де басталуы

Мекен-жайы: «Ritz Carlton Almaty» қонақ үйі (Әл-Фараби даңғылы 77/7).

БАҚ-ты аккредиттеу үшін телефондар арқылы хабарласуға болады: +7 708 777 7005, +7 701 250 2886, email: b.nauryzgaliyeva@gmail.com – Бибігүл Наурызғалиева. БАҚ аккредитациялау мерзімі – 2019 ж. 25 қараша сағат 15:00-ге дейін.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір