Есірткіге жол жоқ!
23.11.2019
752
0

Әлеуметтік желілерде «UNION-CHALLENGE» фирмасының есірткі құралдарын насихаттау мен жарнамалық билбордты орналастыруы елдің әр түрлі аймақтарында талқылануда.

Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс -қимыл жөніндегі заңнама талаптарына сәйкес – есірткі құралдарын насихаттау мен жарнамалауға тыйым салынады.

Осыған байланысты, аталған жарнаманы орналастырған Алматы компаниясы ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды, билборды алынып, бөлшектенді.

Алматы қаласының прокуратурасы кінәлілерге қатысты қатаң шаралар қол­данады, тіпті, лицензиясынан айрады.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері 19 қарашада құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің отырысында талқы­ланды.

Заңсыз айналымнан 320 келіден аса есірткі тәркіленді. Есірткі сатуды әрі жарнамалауды дәріптейтін 200-ден аса интернет-сайттар жабылды.

Прокуратура есірткі тарататын ұйымдас­қан қылмыстық топтарды, олардың интер­нет-ресурстарын және есірткіні жеткізу арналарын анықтау бойынша жұмысты күшейтуді ұсынды.

Алматы қаласының прокуратурасы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір