Түркістанда медиаорталықтың құрылысы аяқталды
08.10.2019
691
0

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары кезінде Түркістан қаласындағы медиаорталықтың құрылыс алаңында болды. Бұл – Алматы қаласының еліміздің рухани астанасына жасаған сыйлығы. Айта кетерлігі, ол қаланың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығындағы құрылысы аяқталған алғашқы нысандардың біріне айналмақ.

 

Медиаорталық астаналық «Қазмедиа орталығы» ТРК-дан кейін  жаңадан салынған екінші нысан болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстанның қалған барлық медиаорталықтары жабдықталған ғимараттарда орналасқан. Медиаорталық ғимараты, расында, толық әрленген. Оның жалпы көлемі – 3000 шаршы метрден асады. Мұнда облыстың барлық телеарналарының, баспасөз құралдары мен радионың редакциялары орналасады. Өңірге түркітілдес елдердің ірі БАҚ өкілдерін шақыру жоспарланған.

Жобаның жалпы құны – 4,8 млрд тг. Оның үстіне, тек құрал-жабдықтар құнының өзі  2 млрд тг. құрайды.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылдың ақпан айында басталған еді. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2019 жылдың қазан айына жоспарланған. Барлық қажетті жабдықтарды толығымен орналастыру шешуші кезең болып табылады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір