ИРАН-ҒАЙЫП. ӘУЛИЕМЕ
08.10.2019
1117
0

Марқұм – Шерхан  Мұртазаға.

 «Диагнозым» –

Қойылып,

«Дертім» –

Жаныма…

Батқан-ды:

Ем-Ханада –

«Сойылып».

Естен –

«Танып»…

Жатқам-ды!

 

…«Дағдың» –

Өңіңдегідей,

Суыт –

Кіріп,

«Бөлмеме»:

«Қарғылы –

Көк-Бөрідей»,

Құсаулысың,

Сен –

Неге?!» –

 

Дедің,

Қатқыл…

Шер-Аға,

Бүйіріңді –

Таянып:

«Демің»,

Ем –

Боп…

…«Жарама»,

«Өлі-Ұйқымнан» –

Оянып…

 

…«Сай-Сүйегім» –

Мәуліген,

Лез –

Әулігіп…

Құптандым:

«Түсіме» –

Еніп,

Әулием,

«Тура-Ажалдан» –

Құтқардың…

 

…Әттең?!

Әттең!

Әттең-ай…

«Қадіріңді»:

Кеш –

Білдім?!

Өмірің –

«Өтіп»…

Кеткені-ай:

«Қол-Жазбаңдай» –

Ескірдім!!!

                    22.02.2019

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір