Университеттердің жаһандық саммиті
09.09.2019
666
0

Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың басты шартта­рының бірі ретінде «білім – болашақ жетістіктің ең іргелі факторы», – деген болатын. Университеттер адами капиталды қалыптастырудың маңызды субъектілері ретінде рухани-адамгершілік тәрбиеге баса назар аудара отырып, озық технологиялар негізінде білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етуі тиіс.

Әлемдік маңызы бар ауқымды іс-шаралар 18-19 қыркүйек күндері еліміздің жетекші жоғары оқу орны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтеді. Олар ең алдымен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарын іске асыруға, отандық жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және білім беру қызметтерін экспорттауға бағытталған.
Әлемдік ғылыми – білім беру кеңістігіндегі ҚазҰУ-дың рөлі мен рейтинг бойынша фено­менальді серпілісін ескере отырып, QS Қазақстан университетінде «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» тақырыбында QS World Wide халықаралық форумын өткізеді. Аталған форум ғылым мен жоғары білім беру саласындағы озық тәжірибелермен алмасу және тарату бойынша әлемдегі бірегей һәм ірі платформа болып табылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қойған маңызды мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыру бойынша мақсатты түрде жұмыс істеуде. Биыл ҚазҰУ «World University Rankings» QS дүниежүзілік танымалдылыққа ие және беделді халықаралық рейтингте Орталық Азия жоғары оқу орындары арасынан жалғыз болып әлемнің үздік ЖОО-ларының қатарына еніп, 207 орыннан көрінді.
ҚазҰУ әлемнің 130-дан астам жетекші жоғары оқу орындарын біріктіретін Жібек жолы университеттері Альянсының тең құрылтайшысы бола отырып, бірқатар ірі жобаларды іске асыруда. Оның ішінде халықаралық ІТ-технопаркін құру бойынша белсене жұмыс істеуде. Сондықтан ҚазҰУ-да осы беделді халықаралық ұйымның Бас Ассамблеясының отырысын өткізу заңды. Форумда жоғары білім беру саласындағы коллаборация мен интеграция, бірлескен ғылыми білім беру мәселелері, мәдени-гуманитарлық жобаларды жүзеге асыру және өзара іс-қимылдың басқа да бағыттары талқыланады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір