Абай әлемі
25.10.2015
3774
2
750236_537302185_IMG_3098Қазақ халқының бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толу мерейтойына орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде Семей облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлескен «Абай әлемі» атты көрме ұйымдастырды.

Қазақтың аса көрнекті ақыны Абай Құ­нан­­байұлының шығармалары – ұлтымыздың ру­хани дүниесіндегі шоқтығы биік қай­та­ланбас дара туындылар. Абай шығар­ма­ла­рын оқу, білу, тану, жаңғырту, насихаттау – бе­рісі исі қазақ баласы, арысы түрік тектес ұлыс­тар үшін де тарихи борыш. Абайдың ар­тына қалдырған мұрасы – халқымыздың ға­сырлар бойы маңызын жоймайтын та­ғы­лымы мол сарқылмас бай қазынасы. Ақын 178 өлең, 3 поэма, 45 қара сөз-ғақлияның, 60-қа жуық аударма және 16 музыкалық шы­ғарманың авторы.
Айтулы көрмеде ҚР МОМ қорында сақ­тау­лы Абай Құнанбайұлына қатысты қол­жаз­балар, кітап басылымдар және ол туралы шығармалар насихатталады. Солардың ішін­де бүгінгі күні ғалымдар тарапынан Абай­дың өзінікі деп танылып отырған «Бі­раз сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» атты бірегей туындысын, ақын шы­ғармашылығы жинақталған Мүрсейіт Бі­кеұлы қолжазбасын, Тұрағұл Абайұлының «Қ­азақтың  атақты ақыны Абай Құнанбай­ұлы» деген қолжазбасын, Кәкітай мен Тұра­ғұл 1909 жылы Санкт-Петербургте бастырып шығарған «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай оғылының өлеңі» сынды басылымды ерекше атап өткен жөн.
«Алашорда» партиясы өкілдерінің ұйым­дастыруымен 1918 жылы Семейде жарық көр­ген «Абай» журналын, Мұхтар Әуезовтің «Қи­лы заман» романын, Ахат Шәкәрімұлы Құ­дайбердиевтің араб жазуынан кирилл жазуы­на көшірілген қолжазбасының машин­камен жазылған нұсқасын да көрме тө­рінен көруге болады.
Аталмыш көрмеге қазақ тілінде латын әріп­терімен жазылған «Abaidŋ ças kuninde çazqan өleŋi» (Абайдың жас күнінде жазған өлеңі), «Musirali aqsaqaldiŋ aitunca» (Мүсірәлі ақсақалдың айтуынша), «Abaj Qunanbai ulь. Taŋdaulь өlender» (Абай Құнанбайұлы. Таң­дамалы өлеңдер) сынды қолжазбалар мен басылымдар да қойылып отыр.
Ақынның бәйбішесі Ділдәнің домбырасын, бүркітінің балдағы мен тоғызқұмалағын, інісі Ысқақтың бөрігін, кіші інісі Оспанның асырап алған қызы Мансураның камзолын, музей қорына күні кеше ғана келіп түскен Азат Әрхамұлы Ысқақовтың 1987 жылы құ­растырған Абай тұқымы мен туысқан­да­рының шежіресін, бірнеше тың тарихи фо­тосуреттерді осы көрмеден тамашалауға болады.
Семей облыстық тарих-өлкетану музейі әкелген ақын шығармашылығымен таныс­тыратын фотоматериалдар, мұрағат құжат­тары, атап айтқанда, Абайдың ұлы Маға­уия­ға 1896 жылы жазған хаты, Абай қол қойған құжаттар, 1903 жылы ақынға берілген мі­нез­деме, өмір деректеріне қатысты кө­шір­мелер, Мұхтар Әуезовтің костюмі, кітаптар, ақын дәуірінің бет-бейнесін көрсететін этнографиялық жәдігерлер бұл көрмеден орын алады.
Ұлы ақынның өмірі мен шығарма­шылы­ғын, артында қалған мол мұрасын зерттеген М.О.Әуезов, Қ.Мұхамедханұлы,  Ә.М.Жирен­шин, З.А.Ахметов, М.Мырзахметов, Р.С.Сыздық, Д.Досжан, Р.Ш.Сейсенбаев, Ж.Ыс­мағұлов, Ғ.Есім, Т.Қ.Жұртбай, Ж.Дә­де­баев және т.б. жазушы-ғалымдар­дың ең­бек­тері, шет тілдеріндегі аударма кітаптар, кейін­гі кезде жарық көрген тың басылымдар да жұрт назарына ұсынылады.
Сондай-ақ, аталмыш көрменің тақы­рып­тық мазмұнын ашып, толықтыра түсетін Абай өмірі мен оның әулетіне қатысты порт­рет­­тер, фотосуреттер, мүсіндер, кілем­ше­лер, ме­рейтойлық төсбелгілер, қағаз ақ­­шалар, мо­неталар, маркалар, керами­ка­лық бұйым­дар да осы көрмеден орын алған.
Көрменің ашылу салтанатында Қазақ­стан Республикасы Мемлекеттік Орталық му­зейі директоры, белгілі этнограф-ғалым Нұрсан Әлімбай, Семей облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғалым хатшысы Шынар Мұратқызы Садықова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Абайтану» институтының директоры, профессор Жанғара Дәдебаев, Ақылбайдың не­мересі, Абайдың шөбересі Исраилова Қасира апай, Халықаралық «Абай» қорының президенті Жұмабек Ашуұлы, «Қазақ әде­биеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаш­тайұлы сөз сөйлеп, Абай әлемі жайында ойларын ортаға салды.

ПІКІРЛЕР2
Аноним 16.03.2021 | 23:03

Аноним 10.04.2024 | 22:11

Абай туралы көп біліп қояды екенсің иә (қонақ: 16/03/2021|23:03)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір