Алакөлде республикалық айтыс өтті
19.07.2019
891
0

Айдынды Алакөлге арнайы ат басын бұрған қалың қауымның биылғы демалысы ерекше есте қалды. Шілденің шуақты күнінде «Ел айбыны, жыр айдыны – Алакөл» республикалық ақындар айтысына еліміздің әр өңірінен келген 14 ақын түрлі тақырыптарда ой қозғап, жыр төкті.

Демалыс аймағының ол­қы­лықтары мен артықшылықтары айтылып, Қабанбай батыр есімі халық санасында қайта жаң­ғырды. Көрнекті қаламгер Зейнолла Сәнік шығарма­шылығы тілге тиек етіліп, ауыл-елдің мәселелері ой елегінен өтті. Осылайша шетелдіктер мен байтақ қазақ даласының әр қиырынан жиылған жұрт бір сәт төл өне­ріміздің төрге озған сәтіне куә болып, өрелі ой, сүбелі сөз, жалынды жыр айтқан ақындарға жанкүйер болды.
Айтысқа белгілі ақындар, ака­демик-профессорлар (Ұлық­бек Есдәулет, Ғалым Жайлыбай, Мұхтарбек Каримов, Дихан Қамзабекұлы, Серік Әкірамұлы, Серікзат Дүйсенғазы, Дәулет­керей Кәпұлы, Бауыржан Ха­л­иол­лаұлы) қазылық жасады. Танымал әншілер мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетіп, тың­дау­шының құлақ құрышын қан­дырды. Айтыстың бас жүлдесі (1 000 000 тг) Еркебұлан Қайназарға бұйырса, 1-орынды (700 000 тг) Аспанбек Шұғатай иеленді. 2-орынға (500 000 тг) Рүстем Қайыртайұлы, 3-орынға (300 000 тг) Талғат Мықи мен Мақсат Ақанов лайық деп танылды, 9 ақынның әрқайсысына 200 000 теңгеден сыйақы берілді. Айтулы шара «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» идеясы һәм демеушілігімен, Үржар ауданы әкімдігінің қолдауымен өт­кі­зілді. Мәдениет қоры Үржар ауда­нының әлеуметтік аз қам­тылған талантты 6 оқушысына бір жылдық шәкіртақы та­ғайын­дады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір