ХАТТАР ШЕРТЕР СЫР АЛУАН
23.04.2019
995
0

Қазақ сөз өнеріне өлшеусіз үлес қосқан Ғабит Мүсіреповтің хаттарынан бір дәуірдің, бұл күнде аты аңызға айналған тұлғалардың шынайы бейнесін танисыз.

(Соңы. Басы өткен сандарда)

М.МАЙЛИНА Ғ.МҮСІРЕПОВКЕ

Қымбатты Ғабит ағам! Біздің папамның тойын жақсы өткіз­геніңізге көптеген көп рахмет, семьямызбен Сізге алғыс айтамыз және жақсы тілек білдіреміз. Мамам айтып отырды: «Бейімбет әкең өлсе де Ғабит ағаң білдірткен жоқ». Сондықтан сізге ризалы­ғы­мыз сондай. Ғабит аға, Мереке көп жылады, білмеймін, сіз қамқорлығыңызға алсаңызшы, ақылыңызды айтсаңызшы. Біз семьямызбен Сізді аға ретінде ұстаймыз, үйткені папамның бірінші жолдасы болдыңыз. Аман болыңыз, Ғабит ағам. Кештеу жазған себебім: ауырып қал­дым, өзіңізге барып жағдайымды айтып едім.
Маулиха Майлина, 22/І-66 г.

(СМҒМӘММК.Қолжазба қоры)


Г.МУСРЕПОВ Е.АРОНУ

Дорогой Ефим Ефимович! В тексте «Амангельды» слишком много «Ленин, Ленина, Ленину»… нельзя ли хотя бы частично заменить другими словами. Не им­ея предстваления о так наз[ы­ваемой] артикуляции, я не стал их трогать. Чем меньше «красных», т.е. дутых слов, тем, конечно, будет лучше.
Во всем остальном, очедивно, придется мирится с тем, что в свое время было дано авторами. Приветом, Г.Мусрепов. 7.VІ.66 г.

(ЦГА РК. Ф.1807)


Ғ.МҮСІРЕПОВ І.ОМАРОВҚА

Ілияс! Киностудия (Ред. – худ. совет қазақтары) «Жібекті» үлкен қуанышпен қарсы алды. Екі түрлі елеулі ескертпелері бар:
1) Базарбай – Қарабай болып кетпесін;
2) Төлеген мен Жібек тез ұғынысып қалған сияқты…
Ауырып ештеңе қыйратпай­тын адамдардан осы екі жайды, ойласып бер деп тілек етемін. Та­ғы неменелері шалғай- шалыс тұр екен, оны да айтарсың.
Ғабит. 16.ХІ – 67 16 қараша 1967 ж.
Р.S.: Дүйсенбі күні қолжаз­баны қайта бастыруға беретін едім, соған дейін оқып бересің. Ғ.М.

(ҚР ОМА. 2066 Қ. 1 Т. Қолжазба)

(Толық нұсқасын газеттің №16 (3650) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір