Ауызбіршілік алдында жауаптымыз
24.10.2015
2324
0

539002_1495111070________________________Мәмбет ҚҰЛЖАБАЙҰЛЫ,
тарих ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі

Қатпар-қатпар тарихтың қойнауын ақтарып, халқымыздың өткен өміріне көз салсақ, тәуелсіз­діктің бізге оңай келмегенін түсіне­міз. Әлемдегі жер ресурстарына деген таластың бүгінгі қарқыны ата-бабамыздан аманатқа қалған кең байтақ жеріміздің қадірін терең ұғынуға жетелейді. Ол үшін бізге ең алдымен ауызбіршілік керек. Бірлік болмаса өзіміздің нәсібімізден айырылып қалуымыз мүмкін.Жаһандану, әлемдік деңгейде жүріп жатқан интеграция жағдайында ұлт болып ұйыспасақ, осынша жылдар бойы атқарған ісіміздің нәтижесі болмайды. Ауызбіршілік халық алдына шығып, ұпай жинау үшін немесе елдің ықыласына бөлену үшін айтыла салатын сөз емес, дәл қазіргі кезеңде біз үшін ауызбіршілік аса үлкен қажеттілік. Осы қажеттілікті жеке адам ретінде де, мемлекеттің тұтастығын нығайтатын қоғамның бір мүшесі ретінде де терең сезінуіміз керек. Мұның алдында елдің тұтқасын ұстаған азаматтар да, зиялы қауым оқымыстылар да, қарапайым халық та жауапты. Жас ұрпақты да болаттай берік бірлік идеологиясына тәрбиелеуге міндеттіміз, бізге басқа таңдау

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір