ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛЬМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДА ТОП ЖАРДЫ
01.02.2019
719
0

Театр және кино режиссері Талғат Досымғалиұлы режиссурасымен түсірілген «Біздің қаланың ханзадасы» фильмі осы жылы Дакке қаласында (Бангладеш) өткен халықаралық кинофестивальда «Ең үздік балалар фильмі» жүлдесін жеңіп алды.

Туынды 2017 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Адигул продакшн» кинокомпаниясының қатысуымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қолдауымен жарыққа шыққан. Фильмде Балалар үйінің 6 жасар тәрбиеленушісі мен Қарттар үйінің ардагері арасындағы достық туралы баяндалады. Сонымен қатар, адам баласының рухани байлығы мен адамгершілік қасиетінің арқасында ғана шын бақытқа жете алатынын айтады.

Н.ШӘЙДІКЕРІМ,
ХАТУ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір