БЕЙСАУАТ КІСІ
01.02.2019
501
0

Әділбек Ыбырайымұлы

Әңгіме

…Қайшылысқан көліктер. Жол жиегімен үздік-создық шұ­быр­­ған адамдар. Әйнектері сәу­леге шағылысқан зәулім үйлер.
Бұл өз көзіне өзі нанбай жан-жағына аңтарыла қарады. Әрі-беріден соң басы айналды. Тамыл­жыған жайма-шуақ күн тынысын тарылтатындай.
Басында шәпкі, үстінде сұр күз­дік пальто. Мойнына асып ал­ған «ФЭД» фотоаппараты бар.
Ары-бері өткіншілер бұған тіп­ті көңіл де аудармады. Тек өзі ғана ештеңенің мәнісін түсіне алмай абдыраған халде төңірегіне шырқ айнала көз тігеді. Әлдене ұғынса бұйырмасын.
Жұрттың бәрі жеңіл, ашық-шашық киінген. Жүздерінде күлкі болғанымен, мейірмандық білді­ріп, іш тартпайды. Біреуі қасына таянсашы. Жоқ, ондай ишара байқалмады.
Енді бір таң қалғаны әнеу жігіт жападан-жалғыз келе жатып дау­рыға сөйлеп, жырқ-жырқ күледі. Міне, жанына да таянды.
– Прошу прощения, подс­ка­жи­те как пройти на улицу «Целинников»?
Қызыл шортилы, шолақ жең әл­гі бейтаныс сол қалпы мұны ер­ен көрмей жанынан өтті де кет­ті. Мойын да бұрмады. Өзімен өзі сөйлесіп барады.
Бұл оның соңынан аңтарыла қарады. Қайран. «Киім киістері қалай? Мыналарға не болған?» Сон­да ғана барып өз үстіне үңілді. Пальто, жемпір… Жан-жағына сезіктене көз тастады. Әне, топ­тан­ған оқушы балалар келе жатты. Бір қызығы бұл түсіне қоймайтын тілде сөйлейді. Орысша сөз сирек естілетіндей… әлде естілмейді.
– Ребята, улица «Целинников» в каком районе находится?
Өзара даурыға шуласқан олар кілт тоқтап, бұған ошарыла бұ­рыл­ды. Араларынан біреуі:
– Улицу «Целинников» спрашиваете? – деп, бұның өзіне сауал қойды…

(Толық нұсқасын газеттің №5 (3639) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ