Ақынға ғашық қыз
25.01.2019
371
0

Арай АМАН

Қала маңайындағы саябаққа бір жас қыз күнде келетін еді. Көбіне таңда, тірі жан жүрмейтін кезде кітабын құшақтап ап, үйреншікті орындығына келіп, енді атып келе жатқан шуақты күннің сәулелері көзіне түсіп жасауратса да, ұзақ қарап отыратын. Әлденені армандап, әлденені сабақтап ойға түсіріп, кейде сәл ғана жымиып қоятын, кейде түнеріп жылап та алатын. Осынау жұмбақ қыздың тағдыры кімге болса да беймәлім-тін. Өзінің жасап алған әлемінде ешкімді де жолатпай жүретін еді…
Кітап атаулыны жаны сүйетіні соншалық, тіпті, абайсызда қолынан жерге түсіп кетсе, жаны үзіліп кетердей құлазып кететін, қайта-қайта мұқабасын сүртіп. Өлең… Өлеңді сүйетін еді жас ару! Өзі өлең жазбаса да, өлеңді оқу – ол үшін өмір-тұғын. Тәңірі оған өлеңге деген махаббатты сыйлағаны үшін сан мың рет алғыс айтар, сірә…
Осындай бір күндері таңғы саябақты өзінен басқа жанға қимайтын қыз, жәймен келе жатқан жігітті байқап қалды. Ол кім екен дегендей жалтақтап қарай бастады. Жүзін, әсте, таныған жоқ. Бірақ жігіттің көзіне алыстан қараған қыздың жанары ендігіде жігіттің қолына түсті. Кітап.. Иә, қыздың бірден байқағаны кітап. Өмірдің қуанышын тапқандай, кенеттен тебіреніп кетті. «Таң ертеңмен бұл жерде ешкім болмайды ғой, бұл жігіт не істеп жүр екен» деп ойлай кетті. Бірақ енді ештеңені де ойына алғысы келген жоқ, тек қана тамсанып тамашалай берді, алыстап бара жатқан силуэтты…

……

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш e-mail не будет опубликован.

Пікір