ОЙ ТҮБІНДЕ ЖАТҚАН СӨЗ
18.01.2019
350
0

Көлбай АДЫРБЕКҰЛЫ,
ҚР Президенті сыйлығының иегері


Қазақ жазба ақынға кенде емес. Бірақ, бәрінің болмысы, мінезі, шығармашылықта таланттық қарымы бір деңгейде дей алмаймыз. Бір ақын бар – төрт аяғы тең жорға өлеңінен мін таппайсың, бірақ алқалы жиында ойын батыл айтуға жоқ. Бір ақын бар – өлеңі мықты болмаса да, шаршы топта ойындағысын айқайлап айтады. Бір ақын бар – өлеңі тілге жеңіл, жүрекке жылы тиеді, пікірталаста ойын бүкпей ашық әрі жөнімен бетке айтады. Жұрттың назары көбіне осы соңғысында болады. Дегенмен олардың саны аз. Тіптен саусақпен санап аларлықтай. Сондай ақынның бірі әрі бірегейі – Сейфолла Оспан. Ақсақалдықтан абыздық жасқа жетіп, үлкен атағы болмаса да халық құрметіне елдік сөзімен, елдік ісімен бөленіп жүрген жан. Бұл қазір екінің біріне айтылып жүрген құр мадақ емес. Шындық сөз. Жазушылар одағының өткен жылғы кезекті пленумы жұрттың әлі есінде. Пленум өтті-кетті. Сөз қалды. Кімнің сөзі? Аталы, абыздық сөз айтқан ақын Сейфолла Оспанның!
Енді ағамыз айтқан естеліктерге тоқталсақ…

…Солар­дың арасынан Сүлейменов: «Сей­фолла, бір шартым бар. Соны орын­дасаң ғана баруға бейілмін», − деді өзіне тән паңдықпен. «Қан­дай шартың бар? Айт!», – дедім. Сүлейменов: «Біз 38-дің төлдеріміз. Сенің төріңе таласып қалмау үшін олар төлқұжаттарын алып келулері керек. Шартым сол. Арғысы менің жұмысым», – деді. Мен: «Асқар, шартың орынды», – деп келістім.
8-мөлтекауданындағы үш бөл­мелі пәтеріме шақырылғандар­дың алды болып, Асқардың өзі келді. Іле басқалардың да төбелері көріне бас­таған кезде Асқар әйелім Кү­ләй­дан сүлгі сұрап алып, иығына іле салды да бір қолына құман, екінші қолына шылапшын ұстап, кәдуелгі даяшыдай есік алдында қаздиып тұрып, келгендердің қолдарына иіліп су құйып, ішке кіргізумен болды. Аналар одан мұн­дай мезі­ретті күтпесе керек. Былай шыға бере бір-біріне кү­бір­леп: «Әй, мына көкірегін керіп, жұртқа шекелеп қарап, кекірейіп жүретін Асқар бүгін қолымызға су құйып, кішіре­йіп қалыпты ғой. Шөп сын­дыру керек шығар», – деп таңда­нысып жатты…

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш e-mail не будет опубликован.

Пікір