Жорналшы Оралханның кейіпкерлері
11.01.2019
490
1

Қуанышбай ҚҰРМАНҒАЛИ,
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты


Қуанышбай Құрманғалидың бұл мақаласы Оралхан Бөкейдің туған күні қарсаңында жазылып, редакцияның хат қоржынына түсіп қойған еді. Сол аралықта әйгілі жазушы туралы естелік дүниелер үйдек-түйдегімен келді де, Қуан ағаның ақыреттік досын сағынып жазған танымдық мақаласы кейінге қала берді. Оның үстіне біз автормен жазушы Оралханның көсемсөзде де көш бастағаны жайында кеңірек айтуға келістік те, соның ретін енді келтіріп отырмыз. «Соның ретін енді келтіріп отырмыз» деуіміздің себебі мынада: Оралхан Бөкейұлы – баспа­сөзде алдымен жорналшы болып танылған тұлға. Қай тақырыпқа қалам тартса да, қыран биігінен қиқу салған Орағаң кейін «Қазақ әдебиеті» газетінің талантты басшы­ла­рының бірі болды. Біз бүгін «Қазақ әдебие­тінің» 85 жылдығымен бірге Оралхан Бөкей­ұлы­ның жорналшылы­ғын қатар еске аламыз.

Редакциядан


Оралханның шығарма­шы­лық жолы жорналшыдан бас­тал­ғаны белгілі. Оны алыстағы ауылынан Алматыға әкелген де, жас талаптан талантты жазу­шы­лар қатарына қосылуына да Орал­ханның қаламы жүйрік, ойы оралымды, мәнері мен кейіпкер таңдауы елден ерекше жорналшы болуына байла­ныс­ты. Иә, оның жазушылықтағы дара жолы жорналшылық қол­таңбасының өзгеше өрнек­тілігінен бастау алғаны ақиқат. Оралхан қазақ жорналшылы­ғына соны серпін, жаңа леп әкел­ген, дара жол ашып, тың­нан түрен салған, сөзі де, жазу мәнері де жаңашыл қаламгер-көсемсөзші болды. Оралхан жорналшылықта жаңаша тәсіл тапты. Оның қарасөзбен жыр­лап, көркемсөзбен сырлап жаз­ған қарапайым адамдары­ның тағдыры да, өмірлік өнегесі де, қиын да қызықты өмірлері де ешкімге ұқсамайтын. Жор­нал­шыға тән алабөтен алғырлы­ғы, ерекше елгезектігі кейін әдеби туындыларының көр­кем­дігі айрықша айшықты, мазм­ұны маңызды, ойлары орасан, тәлімі тосын, идеясы иманды қасиет­терімен ерекшеленуіне үздік үлгі болса керек.
«…Сонда мен тот басып тұр­­ған трактордың ақауын ғана емес,өзімнің санамдағы ыс боп тұрған ақауды да «жөндеп» шық­қанымды сездім. Иә, сонда мен «Беларустің» рөлін емес, өм­ір тұтқасын ұстағанымды біл­дім…»…

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)

ПІКІРЛЕР1
ПІКІР ҚОСУ