ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ АСА МАҢЫЗДЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТ
21.12.2018
1483
0

Несіпбек АЙТҰЛЫ,
ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері:

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы қоғамның барлық саласын қамтып, халық тарапынан үлкен қолдау тапқаны сөзсіз. Соның ішінде зиялы қауым өкілдері де Жолдау басымдықтарын үлкен қуанышпен қабыл алып жатыр. Осы ретте біз ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Несіпбек Айтұлының пікірін білген едік.

– Несіпбек Айтұлы, Мемлекет басшысы өзінің жаңа Жол­дауында халықтың әл-ау­қа­тын арттыратын нақты ба­сым­дықтарды анықтап берді. Сіз солардың ішінен қайсысын ерекше атап өтер едіңіз?
– Елбасымыздың жаңа Жол­дауы – еліміздің елдігін, әл-ауқатымыздың артқанын көрсетеді. Соның ішінде халықтың табысын өсіріп, тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән берілгені көңіл қуантады. Әсіресе, ең төменгі жалақы көлемін өсіру, бас­па­наға қолжетімділікті қам­та­масыз ету, білім беру мен ден­саулық сақтау ісін жетілдіру сияқты өзекті мәселелердің оңтайлы шешімдері қарас­тырылған. Мұның барлығы болашағымыздың жарқын келбетін айқындайтын қа­дам­дар.
Одан бөлек, сыбайлас жемқорлықпен күрес, құқық қорғау органдарының жұмы­сын жандандыру, ғылымның соңғы жетістіктерін өз өмірі­мізде кеңінен қолдану үшін қолайлы жағдай жасау сияқты басымдықтар да тек қолдап қана қоймай, сол жолда өзін­дік үлесіңді қосуға деген ынта-жігеріңді оятатын бастамалар. Сондықтан еліміздің зиялы қауым өкілдері де Елбасы Жолдауын қолдап, оны жүзеге асыру үшін өз үлестерін қосуға дайын.
– Жолдауда «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасының әрі қа­рай жалғасатыны да айтылды. Осы тұрғыда «Нұр Отан» партиясы Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп, «Ұлы да­ла» шығармашылық бай­қа­уын жариялады. Сіздіңше, бұл жолда қандай игі істерді қолға алуымыз керек?
– Иә, Елбасы Жолдауда «Рухани жаңғыру» бағдарла­масын одан әрі жалғастырып, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажет екенін баса айтты. Осы игі істі жүзеге асырудың тиім­ді тетігі ретінде көп ұзамай өзінің «Ұлы даланың жеті қы­ры» атты мақаласын жариялады. Осы мақала біздің рухани жаңғыруымыз үшін нақты қандай жолмен жүріп, қандай істерді қолға алуымыз керек­ті­гін толық көрсетіп берді. Сондықтан Президентіміздің мақаласы барша қазақтың жүрегін тебірентіп, көңілін қозғады деуге толық негіз бар.
Елбасы мақалада көптің көкейде жүрген сөзін айтты. Бұл жерде «жеті қыры» деп аталуы да бекер емес. Жеті деген біз үшін киелі сан. Елбасы осы жеті арнаны кемелдік­пен ашып беріп отыр. Әрі қарай бұл игіліктерді іске асыру, сол жолда жұмыс істеу, тарихымызды зерттеп, келер ұрпақтың зердесіне тоқу әрбір қазақстандықтың мойнын­дағы азаматтық парызы.
Мемлекет басшысы өзінің жаңа Жолдауында келесі жыл­ды «Жастар жылы» деп жариялады. Ал «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында тарихымызды дәріптейтін бір­қа­тар игі бастамаларды атап көрсетті. «Нұр Отан» партиясы мен Жазушылар одағы жа­риялаған жас ақын-жазу­шылар арасындағы байқауы осы екі стратегиялық құжат­тың да жүгін көтеріп тұрған маңызды қадам. Сондықтан байқаудың қазақ әдебиеті үшін табысты боларына кәміл сенемін.

Жазып алған
Еламан МАҚСОТҰЛЫ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір