ХАЛЫҚ САНЫН КӨБЕЙТУ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ
21.05.2024
133
0

Елімізде демографиялық саясаттың өз алдына дербес ғылым ретінде қарастырылып келе жатқанына біраз жылдың жүзі болды. Қазіргі кезеңде де ұлтымыздың сандық жүйесін реттеп, халық өсімін арттыру мақсатындағы көптеген жұмыстар жүргізіліп, нәтижесін көрсетуде.

Біршама уақыт бұрын Сенатта демография мәселесіне қатысты Үкімет сағаты өткізіліп, осы салаға қатысты мәселелер қозғалған болатын. Кадр жетіспеушілігі – бұл бағыттағы басты проблемалардың бірі. Осыған орай, Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев: «Егер бізде бағдарлама, уәкілет­ті орган, ведомствоаралық комиссия және кадр болмаса, бүгін сарапшылар айтқандай, бұл салада қандай саясат талқылануы мүмкін? Осыған байланысты, біріншіден, біз бұл бағыттағы тәсілдерді қайта қарауымыз керек. Екіншіден, барлық ілеспе мәселелерге қарамастан, халық санын көбейту қажет. Бұл – стратегиялық мәселе.
Демографиялық саясаттан өзімізге не керек екенін білуіміз керек. Біз халықтың сан жағынан да, сапа жағынан да өскенін қалаймыз. Мұны қалай қамтамасыз етеміз? Бұл ретте оңтүстіктен солтүстік аймақтарға көшуге ықпал ететін тетіктерді табуымыз қажет. Орта және ұзақ мерзімде Қазақстанда сыртқы көші-қон мәселесі де туындауы мүмкін. Мұнда да Үкіметтің жан-жақты зерделенген саясаты қажет. Ондай саясаттың, тұжырымдамалық құжаттардың жоқтығын, демографиялық тәсілдердің жүйесіздігін көріп, біз осы Үкімет сағатын өткізуді қолға алдық», – дей келе, назар аударуға тиіс өзге де аспектілерді келтіріп өтті.
Мамандардың мәліметіне сүйенсек, 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқы 20 075 271 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақ­стан әлемде алпыс төртінші орында екен. Алдағы уақытта да осы саланы оңтайландыруға бағытталған шаралар жалғасын таба беремек.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір