Патриоттар форумы өтеді
30.11.2018
904
0

2018 жылдың 5 желтоқсан күні Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында жыл сайынғы республикалық патриоттар форумы өтеді. Ауқымды шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ұйымдастырылып отыр.

Форумның мақсаты – ха­лық­­тың патриоттық рухын ны­ғайтып, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табы­лады.
Сондай-ақ, шараның ма­ңызды бөлігінің бірі – Қазақстан Республи­ка­сы мемлекеттік ел­таң­ба­сындағы Қазақстан жа­зуының латын гра­фика­сына ауыстырылуы.
Салтанатты шараға Қазақ­стан­­ның барлық өңірінен 200 делегат қатысады. Олардың ішінде өз кәсі­бінің үздік өкілдері, ел үшін қалт­қы­сыз қызмет етіп жүрген: ұйым бас­шы­лары, этно-мәдени орта­лық­тардың жетек­шілері, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының жетек­шілері, еңбек ардагерлері, зиялы қа­уым және БАҚ өкілдері шақы­рылып отыр.
Форум соңында ерекше еңбек етіп, күнделікті еңбегімен және үл­гілі ісімен жұрт назарына ілін­ген, мемлекеттік рәміздерді наси­хат­тауда шынайы сүйіспен­шілігін көрсеткен азаматтарға «Жыл патриоты» номи­нациясы беріліп, бағалы сыйлық­тармен марапат­та­лады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір