Есім СЕГІЗБАЕВ
30.11.2018
2642
0

Қазақ мәдениеті мен өнері ауыр қазаға ұшырады.
2018 жылы 25 қарашада Қа­зақс­­танның Еңбек сіңірген өнер қай­раткері, профессор Есім Жү­кеұлы Сегізбаев өмірден озды.
Есім Жүкеұлының еліміздің өнері мен мәдениетінің дамуына сіңірген еңбегі зор. Ол 40 жылдан астам уақыт бойы Темірбек Жүр­ге­нов атындағы Қазақ ұлттық өн­ер академиясында «Актер ше­бер­лігі» пәнінен дәріс беріп, өз шеберханасынан драма және кино, музыкалық театр актерларын тәрбиелеп шығарды. Одан білім, тәрбие алған талантты шәкірттері Астана мен Алматыда және Қазақстанның барлық қа­зақ театрларында, радио- теле­с­ту­дияларында, өнер мекемеле­рін­де табысты қызмет етіп келеді.
Ол шәкірт тәрбиелеумен бірге бірнеше фильмдерге түсіп, кө­р­ер­­мендердің көзайымына айналды. Көптеген фильмдерде бас­ты кейіпкерлердің дауыстарын қазақ тіліне дубляждаған.
Есім Жүкеұлы – ғылыми-мето­­ди­калық еңбектердің, жоға­ры жә­не орта өнер оқу орындарына арналған «Актер шеберлігі» пә­ні­нің типтік бағдарла­ма­лары­ның, «Қысқаша орысша-қазақша театр терминдерінің түсініктеме сөздігі», «Украинша-қазақша сөз­­­діктерінің» авторы.
Оның қазақ тіліне аударған классикалық оперетталары театр сахналарында орындалып келеді.
Жылдар өтер, бірақ абзал тұлға, көрнекті өнер қайраткері, ұстаз Есім Жүкеұлы Сегізбаевтың жарқын бейнесі оны білетін­дер­дің жүрегінде мәңгі сақталады.
Қазақстан Республикасы Мә­дениет және cпорт министрлігі Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Есім Жүкеұлы Сегізбаевтың қайтыс болуына байланысты марқұм­ның отбасына, туыстары мен жа­қын­дарына қайғырып көңіл айтады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі


Жаны жайсаң жан еді…

Темірбек Жүргенов атындағы Қа­­зақ Ұлттық өнер академиясы ұжы­мы ең аяулы да қадірлі ұстаз, Қа­зақстан Республикасының Мә­де­ниет қайраткері, Қазақстан Білім беру ісінің Үздігі, «Еңбек ардагері», Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты», «Парасат» ор­ден­-медалдарының иегері, Қазақ Ұлт­тық өнер академиясының профессоры Есім Жүкеұлы Сегіз­баев­­тың дүние салуына байланысты от­басына, туған-туыстарына ор­ны толмас қайғысына ортақ­та­сып, көңіл айтады.
Есім Жүкеұлы Сегізбаев – Т.Жүр­ге­нов атындағы өнер академиясында театр, кино мамандарын дайындаған ұлағатты ұстаз, үлкен парасат иесі болды.
1978 жылдан негізгі кәсіби ма­ман­дығы «Актер шеберлігі» пә­ні­нен Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытушы, аға оқытушы, до­цент, профессор лауазымдарын атқарды.
Ол бүгінге дейін «Актер шебер­лігі» пәнінен дәріс беріп, өз шеберханасынан драма және кино, музы­ка­лық театр актерларының 13 то­бын (200-ден астам шәкірттерді) оқытып шығарды. 15 дипломдық спектакль қойды. Одан білім, тәр­бие алған талантты шәкірттері Ас­тана мен Алматыда және Қа­зақ­с­­­тан­ның барлық қазақ театрларында, радио- телестудияларында, өн­ер мекеме­лерінде қызмет етіп жүр.
Есім Сегізбаевтың жарқын бей­несі қазақ елінің жүрегінде мәңгі сақталады.


Бақұл бол, АҒА!

М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы Қа­зақс­тан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақ­с­тан Білім беру ісінің Үздігі, «Еңбек ардагері» медалі, Ба­уыржан Момышұлы атында­ғы «Батыр шапағаты» медалі, «Парасат» ордендерінің ие­ге­рі, Қазақ Ұлттық өнер ака­де­мия­сының профессоры Есім Жүкеұлы Сегізбаевтың қай­тыс болуына байланысты қай­ғысына ортақтасып, жа­қын­дары мен туған туыстарына көңіл айтады.
Театр, кино майталмандарын қанаттандырған ұлағатты ұстаздың топырағы торқа, иманы жолдас болсын!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір