Әдебиетті оқымасам, ән айта алмаймын!
16.11.2018
1848
0

Әдебиет пен мәдениет – егіз ұғым. Кез келген ма­мандық иесі әдебиетті оқыса, одан зиян шек­пейді. Әсіресе, ел алдында жүрген өнер адамдары әдебиеттен хабардар бол­са, тілді жетік білсе, жеке басына абырой.

Өйткені, басқа сала адам­дары көп­ші­лікпен күнде бетпе-бет келе бермейді. Сөзге шор­қақтығын жемісті еңбегі жауып кетеді. Ал, өнер адам­дары көзге, топқа көп түседі, ел алдында жү­реді. Сол кезде өнеріне ой-өрісі тең түсіп жатса, жұрт сүйінеді, үлгі тұтады. Ал, ой-өрісті кеңейтетін, талғамды қалыптас­ты­ратын, кімнің кім екенін таразылап беретін әде­биет екенін ұмытпаған абзал. Қазір – әлеуметтік желілер, ғаламтор сал­та­нат құрған заман. Сол заманның өзінде әдебиет өлмейтініне мен кепіл. Мәселен, өзім қолым қалт еткенде кітап оқи­мын! Ал «Қазақ әдебиеті» газеті сүйіп оқитын газет­терімнің бірі. «Қазақ әде­биетінен» мені қызық­ты­ратыны әңгімелер мен өлеңдер екендігін екпін түсіре айтқым келеді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір