ӘСКЕР ҚАТАРЫНДАҒЫ ӘМІРЖАН «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН» ҚАЛАЙ ОҚЫДЫ?
09.11.2018
2452
0

Оқу мәдениеті, газетке жазылу дәстүрі ел ішінде қайта жандана бастаған сияқты. Белгілі саясаткер, қоғам қайраткері Әміржан Қосанов www.facebook.com әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазақ әдебиетінен» әскер қатарында жүріп те қол үзбегенін жазды. Былай деп:

«Құрметті «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қу­ат мырза!
Біз, 1983 жылы, Совет одағы­ның дүркіреп тұрған кезінде, ше­тел­де, яғни, Мәскеуде әскер қата­рында жү­ріп те «Қазақ әдебиетіне» жа­зы­лып, әдеби процесс пен ел жаңа­лық­тарынан хабардар болып отыра­тынбыз. Ол кезде небәрі 19 жас­та екенмін. ҚазМУ-дің 2-кур­сы­­­нан әскер қатарына шақырыл­ғанбыз.
Үстел үстінде басқа да қазақ газеттері жатыр. Ішінде – сол кездегі «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»). Менің қолымдағы, ұмытпасам, «Білім және еңбек» журналы. «Жұлдыз» бен «Жалын» да келіп тұратын Мәскеуге…
Қазақ газеттеріне жазылайық, ағайын!».
…Сонымен, жыл айналып со­ға­­тын газетке жазылу науқаны жүріп жатыр. Тұяққапты тірліктің соңында жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетін алдырып оқуды ұмытып кетпеңіз! Газетіміздің бір жылдық бағасы бар-жоғы 5 мың теңгеден асып жығылады. 5 мың теңге… ол қайда кетпей жатыр? Одан да ол ақшаны игілікке, рухани кемел­дену­ге жұмсаңыз. «Қазақ әдебиеті» сізді әдебиет әлеміне шақырады!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір