«АЙКА» ФИЛЬМІ «ОСКАР» ЖҮЛДЕСІНЕ ҮМІТКЕРЛЕР ҚАТАРЫНДА
Жыл басында ғана Канн фестивалінде, ал өткен аптада Түркияның Анталия қаласында өткен кинобайқауда үздіктер қатарынан көрінген «Айка» фильмін алда айтулы бәйге күтіп тұр. Режиссер Сергей Дворцевойдың көпке мәлім боп үлгерген бұл картинасы енді «Оскар» сыйлығы үміткерлерінің тізіміне енді.
Байқаудың ресми сайтында жарияланғандай, «Айка» кинотуындысы ресейлік Константин Хабенскийдің дебюттік «Собибор», Беларусь кино өнімі – Дарья Жуктың «Хрусталь», украиндық Сергей Лозницаның «Донбасс» және қытай режиссері Цзян Вэняның «Құпия адам» («Hidden Man»)
фильмдерімен бірге «Үздік шетелдік фильм» аталымы бойынша сынға түспек. Жеңімпаз фильмнің атауы 2019 жылдың 24 ақпанында өтетін кезекті «Оскар» сыйлығын табыстау рәсіміне арналған салтанатты жиында жария етіледі. Айта кетер тағы бір жағымды жаңалық, күні кеше ғана Түркияда өткен 55-інші халықаралық кинофестивальде «Айка» фильмін-дегі рөлі үшін қазақстандық актриса Самал Еслямова «Үздік актриса» атанды.