Ілияс Жансүгіровтің «Қуат» поэмасы табылды
Ілияс Жансүгіровтің бүкілодақтық электр қуатының ордасы – Днепрогэс алыбына арнаған «Қуат» поэмасымен (1932) оқырман қауым 86 жылдан кейін қауышып отыр.
Ақынның соңғы шыққан 10 томдық шығармалар жинағында (2004) 13 поэмасы ғана берілген. Жинаққа енбей қалған поэмалары: «Құсбегінің айналасында», «Мұз қала», «Қолбала» және «Қуат».
«Құсбегінің айналасында» (1919), «Мұз қала» (1930) поэмаларының мәтіндері табылмай отыр. Іздестіру жұмыстары қолға алынуда.
«Қолбала» (1920) поэмасы 1964 жылы Алматы облысы Ақсу аудандық «Өмір нұры» газетінде, 1974 жылы «Жұлдыз» журналында жарияланған екен. Болашақта ақын жинақтарына енгізіледі деген үміттеміз.
«Қуат» поэмасы 1932 жылы «Әдебиет майданы» журналының 11-12 нөмірлерінде жарияланыпты. Поэма белгісіз себептермен осы уақытқа дейін ақынның жинақтарына енбей қалған. Сонымен, Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорынан шаң басып жатқан «Қуат» поэмасы табылды. Енді Ілияс поэмаларының ұзын саны 13 емес, 17 болып шығады.
ПІКІРЛЕР1