«ЕСЕНИН КҮНДЕРІ» БАСТАЛЫП КЕТТІ
Күз түсе сала Ресейдің Рязань облысы Рыбновский ауданының Константиново қыстағында орналасқан ақын Сергей Есениннің мемлекеттік мұражай-қорығында және Спас-Клепики қаласында ақынның 3 қазан күнгі туған күніне орай «Есенин күндері» фестивалі басталып кетті. Аталған шара 13 қазанға дейін жалғаспақ. Бағдарлама аясында өзге іс-шаралармен қатар жас және ересек суретшілер Есенин өлеңдеріндегі кестелі сөзбен бейнеленген табиғат көріністерін бейнелейтіні жұртшылықтың қызығушылығын тудырып отыр. Ал басты шара – осы айдың соңында өтетін «Русім менің, аяулы Отаным…» атты бүкілресейлік есениндік поэзия мерекесі. Ақынды құрметтесең, осылай құрметте!