«Ұлы Дала eліне саяхат» жобасының төртінші экспедициясы басталды
24.08.2018
934
0

Тамыз айының жиырмасыншы жұлдызында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен «Ұлы дала еліне саяхат» жобасының «Сарыарқа» бағыты бойынша төртінші экспедициясы басталды. «Ұлы дала еліне саяхат» экспедициясы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын атап өту шеңберінде жүзеге асырылады.

Экспедиция құрамында саяхатшылар, телевизия журналистері, шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлер, атап айтсақ – ресейлік тревел-блогер Елена Ха­чина мен қазақстандық саяхатшы, блогер Ұлан Әлімбек бар. Қатысушылар Астана қаласынан Ақмола облысы Ерейментау ауданы мен Қарағанды облы­сы Осакаров ауданы аумағында орналасқан «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағына жол тартады. Ары қарай экспе­ди­ция тобы Павлодар облысындағы Бая­науыл ұлттық саябағына, Қарқаралы, Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи сая­бақ­тарына және Қорғалжын мем­лекеттік табиғи қорығына барады.
Экспедиция жетекшісі, QazaqGeography РҚБ халықаралық және ғылыми жобалар бөлімінің менеджері Нұржан Алғашов: «Осы нысандардың әрқайсы­сының өзіндік қайталанбас атмосферасы бар. Мысалы, Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлі 2000 жылы әлемдегі ең бірегей көлдер кіретін «Тірі көлдер» халықаралық желісіне енді», – деді.
«Сарыарқа» бағытының экспедиция­сын «QazaqGeography» РҚБ (Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы) «Сарыарқа» экспедиция бағыты 4 қыркүйекке дейін созылады. 16 күн ішінде экспедиция ко­ман­дасының мүшелері Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының ең қызықты жерлерімен 4595 шақырым жол жүріп өтеді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір