УНИВЕРСИТЕТ ҰСЫНҒАН 21 КІТАП
17.08.2018
1357
0

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 21 кітап жарық көрді. Қазақ, орыс және ағылшын тілінде жарық көрген кітаптардың ішінде осы оқу орны ғалым-ұстаздарының монографиялары мен оқу құралдары бар.

Филология ғылымдарының док­торы, профессор Тынысбек Қоңы­ратбайдың «Қазақ эпосының этникалық сипаты» атты мо­ног­ра­фиясында эпос жанрындағы ұлт та­биғаты, психологиясы, әдет-ғұр­пы, эпостық мұраның тарихы си­пат­талған.
Қазақ филологиясы және әлем тіл­дері факультетінің профессоры Бо­латхан Сарбасовтың «Ежелгі дәуір және түркі халықтары әдебие­ті» атты оқу құралында түркі ес­керт­­кіштеріндегі фольклорлық об­раздар мен мотивтер бар.
Физика-математика фа­куль­тетінің оқытушысы Советбай Елу­баевтың «Қазақтың байырғы қара есептері» атты оқу құралында мате­матика, астрономия, физика, жа­ра­тылыстану салалары кеңінен қам­тылған.
Қазақ филологиясы және әлем тіл­дері факультетінің оқытушысы Ләз­зәт Әділбекованың «Әр жылдар ой­лары» еңбегінде Жамбыл Жа­баев, Бауыржан Момышұлы, Ол­жас Сүлейменов сынды әдебие­тіміз­дің көрнекті тұлғаларының әде­би-мәдени мұраларына талдау жасалып, ана мен отбасы құнды­лық­тары, қыз бала тәрбиесі жөнін­де қамтылған.
«Жаһандағы заманауи қа­зақ­стандық мәдениет» моногра­фия­сында Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің оқы­ту­шысы Сағира Оданова мемлекеттік тілдің коммуникативтік құрылы­мындағы өзгерістерге мән беріп, қа­зақ тілі де әлемдегі басқа тілдер сияқ­­ты дамитын, қоғаммен бірге тыныстайтын, жаңғыруға бейім тіл екеніне мән береді.
Әлеуметтік-гуманитарлық фа­культетінің доценті Бибігүл Иман­бекованың «Қайшылықты кезең қайраткері» атты монографиясы 1937 жылғы репрессия құрбаны, бел­гілі қоғам қайраткері Н.Сыр­ға­беков туралы. Сонымен қатар, ав­тордың «Саясаттану» оқу құралы қоғамдық-гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқыту, мемлекеттің жүр­гізіп отырған идеологиясын жас­тар­ға дұрыс түсіндіру мақсатында жа­зылған.
Педагогика-психология фа­куль­тетінің оқытушылары Шолпан Таубаева, Гүлнар Мұратбаева және Сайра Жиенбаеваның автор­лы­ғымен шыққан «Педагогикалық зерт­теулердің әдіснамасы мен әдіс­те­месі» оқулығында қазіргі заман бі­лімгері үшін қажетті педаго­ги­ка­лық зерттеулерді жүргізу мен ұйым­дастырудың әдістері, зама­науи зерттеу құралдарын тиімді қол­дану әдіс-тәсілдері кеңінен жа­зыл­ған.
Сондай-ақ, «Туған жер» бағдар­ламасы аясында университет оқы­тушысы М.Қанабекованың қо­сал­қы авторлығымен «Қасиетті Қа­­­­зақстан» энциклопедиясының 1-томы, Жа­ратылыстану факуль­теті­нің про­фес­соры К.Мамырова мен Е. Тө­ле­геновтың «Қолданбалы геог­рафия», Әлеуметтік-гуманитарлық факуль­тетінің доценттері Жамал Әшір­бе­кова мен Ердәулет Берлібаевтың «Отан тарихының тарихнамасы мен деректемесі», оқытушылар Л. Әділ­бекованың «ХХ ғасырдағы қа­зақ әдебиетінің тарихы (1900 – 1940 жж.)», А. Жұбандықованың «Бас­тауыш сынып оқушыларының өлке­тану іс-әрекетіне құндылық бағ­дарын қалыптастырудың ғылы­ми негіздері», С. Оданованың «The law of conservatіon іn the Kazakh language», «Философия и методо­ло­гия педагогики» және Г. Дания­рова­ның «Let’s develop readіng and speakіng skіlls» атты оқу құралдары шық­ты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір