ҚазҰУ студенттері Әлем Чемпионатына қатысады
17.08.2018
992
0

Тамыз айының 19-26 аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» мен «Halyk Arena» сарайларында ТМД елдерінің тарихында тұңғыш рет футзалдан студенттер арасында Әлем Чемпионаты өтеді. Жарысқа Бразилия, Аргентина, Португалия, Испания, Италия, Польша, Тайланд, Иран, Ресей, Украина және Қазақстан командалары қатысады.

Чемпионатта бүкіл құрлықтың 16 ерлер, 12 әйелдер командасы фут­бол ойнайды. Қазақстанның аты­нан ойнайтын Ұлттық Сту­дент­тер Лигасының құрамында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультеті мен дене шынықтыру және спорт кафедрасының сту­денттері Ринат Умешов, Болат Сар­басов (ерлер командасы) және Тоғ­жан Бекпенбет (әйелдер ко­мандасы) қатысады. Жаттық­тыру­шы «Салауатты өмір салты» ор­талығының оқытушысы Жақ­сылық Байсариев.
Футзалдан өтетін ӘЧ-2018 ұйым­дастырушылары ҚР студент­тік спорт Федерациясы және Ұлт­тық студенттік лигасы. 2014 жылы Қа­зақстан Республикасы Білім жә­не ғылым министрлігінің бас­та­масымен құрылған Ұлттық сту­денттік лиганың негізгі мақсаты жас­тар арасында салауатты өмір сал­тын насихаттау.

Шара 19 тамыз, сағат: 10.30-11.30-да салтанатты
түрде ашылып, 26 тамыз сағат: 16.30-да жабылады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір