ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР ҚазҰУ-ды ТАҢДАДЫ
30.07.2018
883
0

79 қадамы Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу болып белгіленген болатын.
Жыл өткен сайын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен білім алуға келген шетелдік азаматтардың саны артып келеді. Оған бұл оқу орнында ағылшын тілінде білім берілуі және шетелдік серіктес университеттермен 70-тен астам қосдипломды бағдарламаның жүзеге асуы ықпал еткен.


Бразилия, АҚШ, Франция, Германия, Индо­не­зия, Оңтүстік Корея, Түркия, Үндістан мемл­е­кет­терінің 150-ден астам талапкері ҚазҰУ-ға түсу үшін уни­верси­теттің онлайн жүйесі арқылы қашықтықтан құ­жат тапсыруға мүмкіндік алды.
Оқу ісі жөніндегі проректор Асқар Хикметовтың ай­туынша, биыл білім ордасы шетелден бұрынғыдан да көп студент күтіп отыр. Олар мұндағы жоғары ха­лық­ара­лық стандарттарға сай білім беру бағдар­ла­ма­сына, ағыл­шын тілінде оқу мүмкіндігіне және за­манауи кітап­хана, ғылыми инфрақұрылымдар, студенттерге қызмет көр­сету орталығы, спорт кешені мен жайлы жатақха­налар орналасқан университет кам­пусына қызығып отыр. ҚазҰУ-да олар сапалы білім алып, біліктілігін арттырып, өздерінің ғылыми жә­не шығармашылық әлеуетін дамыта алады.
Қазіргі таңда 300-ден астам шетелдік азамат ҚазҰУ-да білім алу үшін құжаттарын тапсырды. Жаңа оқу жы­лында 600 шетелдік студентті қабылдау жос­парда бар. Сұранысқа ие мамандықтардың қата­рын­да: жалпы медицина, ақпараттық жүйелер, ха­лық­аралық қа­ты­настар, қазақ және орыс тілдерін оқу, менеджмент, био­технология салалары бар.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір