АЗИЯНЫҢ 5 ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ
Шри-Ланканың Вакадува қаласында шахматтан оқушылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қызылордалық Әсел Серікбай бас жүлде иеленді.
Отандасымыз 17 жасқа дейінгі қыздар арасында рапид шахмат түрі бойынша бақ сынады. Нәтижесінде 7 турдан 6 ұпай жинап 17 мемлекеттен 400 спортшы қатысқан Азия біріншілігінде 5 рет жұлделі оралды. Дүбірлі дода 14 шілде күні өз мәресіне жетпек. Айта кетейік, Әсел Серікбай шахматтан ФИДЕ және ҚР спорт шебері. Жас шахматшы 12 дүркін Қазақстан жеңімпазы, 5 дүркін Азия чемпионы. Былтыр көршілес өзбек мемлекеті Ташкент қаласында өткен классика, рапид, блиц шахмат түрлері бойынша Азия чемпионы атанған. Румыния мемлекетінде өткен шахмат турнирі бойынша 2 дүркін Әлем чемпионы атанды.
Әсел Қызылорда қаласында №1 Облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің тәлімгері.
А.ҚУАНЫШ,
ХАТУ «электрондық журналистика» бөлімі