Өзбекстанның Қазақстандағы жылы
06.07.2018
1086
0

Биылғы жыл елімізде «Өзбекстанның Қазақстандағы жылы» болып жарияланды. Соған орай, Ақтөбе облысы­ның әкімі Бер­дібек Сапарбаев пен Қа­зақ­станның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев бастаған делегация қазақтың ұлы ақыны Төлеген Ай­бергенов­тің мазарына зиярат етті.

Сапар алдында облыс әкімі Бер­ді­бек Мәшбекұлы ақтөбелік делега­ция­ның міндетті түрде Төлеген Айбе­р­генов­тің басына бару керек екенін айт­қан. Ақын бейітіне барар жолға тас төсе­ліп, оның жан-жағына орындықтар қойылған. Бейіт басында құран оқы­лып, гүл шоқтары қойылды. «Біз Ай­бер­­геновті ұмытпауымыз керек!», – деді Бердібек Мәшбекұлы аят оқып бол­ғаннан кейін. Қазақстанның Өзбек­стандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев өзбек билігімен келісе отыра, сол жердегі қазаққа қатысты қа­сиетті орындардың тізімі түзілгенін айтты. Айта кететін нәрсе, Бердібек Са­парбаев пен Ерік Өтембаев – еліміз Тәуелсіздік алғалы ақынның басына зия­рат еткен алғашқы лауазымды тұл­ғалар. Облыс әкімі қарақалпақстан­дық­тарды Ақтөбеге шақырды. Сөйтіп, қос өңір арасындағы қарым-қаты­нас­тың жаңа бір кезеңі басталды. Бауырлас елдің ынтымақтастығы одан әрі нығая беретініне сенім мол.

Аяулы ҚУАНЫШ,
ХАТУ-нің «Электрондық
журналистика» бөлімі.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір