«СЫРЫМ ЖОРТҚАН САРЫ ДАЛА…» Республика ақындарының жабық конкурсы
06.07.2018
1189
0

(Сырым Датұлы бастаған Ұлт-азаттық көтерілісіне 235 жыл)

Атырау облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма­сы­ның қолдауымен жарияланып отырған жабық конкурсының шарт­тары:
1. Конкурсқа 40 жасқа дейінгі ақындар қатысады;
2. Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан алған атағы бар ақындар қатыса алмайды;
3. Өлең 10 шумақтан аспауы тиіс;
4. Шығарма жасырын атпен Agatai_2005@mail.ru электрондық поштасына жіберіледі. Бөлек конвертке жасырын атын, жеке куәлігінің көшірмесін, өлең тақырыбын, өзінің телефоны мен тұрақты мекен- жайын төмендегі адреске жіберуі тиіс. Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 11 (аула ішіндегі ғимарат), Қазақстан Жазушылар одағының Атырау филиалы.

Марапаттар:
1. Бас жүлде – біреу;
2. Бірінші орын – біреу;
3. Екінші орын – екеу;
4. Үшінші орын – үшеу.
Бұдан басқа арнайы және шабыттандыру сыйлықтары қарас­тырылған. Қазылар алқасына жүлдегерлерді анықтау үшін берілген шы­ғармалардың тақырыбы, авторларының аты-жөні көрсетілмейді. Кон­курс қорытындысы осы жылдың қыркүйек айының аяғында шы­ғарылады. Марапаттар Атырау қаласында тапсырылады. Ұйым­дастырушы Қазақстан Жазушылар одағының Атырау филиалы.

Байланыс телефондары:
87017366473, 87783224107, 87122-75-57-48.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір