Семейдегі филиалда жаңа жетекші
15.06.2018
789
0

Семейге Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет арнайы барып, «Поэзия марафоны» шарасына қатысты. Шара аясында Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтың қабылдауында болып, Жазушылар одағының хал-жайымен таныстырды.


Қазіргі күнде Одақ құрамында 800-дей жазушы бар екенін, оның 500-дейі зейнеткер екенін тілге тиек етті. Семей қаласындағы Жазушылар одағының филиалын ұзақ жылдар бойы абайтанушы марқұм Төкен Ибрагимов басқарып келген еді. Енді, көпшіліктің ұйғарымымен филиал жетекшілігіне жас ақын Мерей Қартов тағайындалды.
Жиынға белгілі қаламгерлер Медеу Сәрсеке, Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиал жетекшісі, ақын Әлібек Қаңтарбаев, қоғам қайраткері Түсіпхан Түсіпбеков, Абай мемлекеттік қорық-музейінің директоры Болат Жүнісбеков, ақын Тыныштықбек Әбдікәкім қатысты. Қала әкімі болашақта Семейдегі Жазушылар одағының бөлімшесіне арнайы жұмыс кабинеті беріліп, барлық керек-жарақтармен қамтылатынын айтты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір