Бес әлеуметтік бастама талқыланды
06.04.2018
1381
0
Қазақстан Республикасы Пре­зи­ден­ті Н.Назарбаевтың «Пре­зи­денттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуіне арналған жиын-кездесу ҚР Парламенті Сенатының депутаты Б.Т. Жұмағұловтың қатысуымен 2018 жылдың 30 наурызында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде өтті.
Жиынға университет басшылығы, «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы Бостандық ауданы Саяси кеңесі бюросының мүшелері, Бостандық ауданы әкімдігі, академқалашық ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары мен қызметкерлері, оқытушылар, магистранттар мен студенттер, қалалық жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
ҚазИТУ ректоры Н.М.Темірбеков жиынды кіріспе сөзбен ашты. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Б.Т.Жұмағұлов «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» – әлеуметтік маңызды стратегиялық құжат» деп атап өтіп, жан-жақты мағлұмат берді.
Бақытжан Тұрсынұлы Елбасының жастарға үлкен үміт артатынын айта келіп, инженер, технолог мамандардың еліміздің игілігіне үлкен үлес қосатындарына сенімін білдірді.
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің проректоры Сарсенбекова Гүлнар Әлібекқызы «Әлеуметтік бастама – бірлігі бар елдің нақты ісі» атты тақырыптағы баяндама жасап: «Қазақстан халқын біріктіруге, қуатты елге айналдыруға бағытталған ізгі оқиғалардың ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінің орны зор. Үндеуде әрбір отбасына баспана беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақасын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие көлемін көбейту, сондай-ақ елді газбен қамтамасыз ету ісін жалғастыру жөніндегі бастамалар қамтылған. «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» – қазақстандықтардың әл-ауқатын әрі қарай жақсарта түсуге бағытталған маңызды құжат», – деп атап өтті.
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір