ҮШ БУЫННЫҢ КЕЗДЕСУІ
26.03.2018
1030
0

Алматы облысының тілдерді дамыту жө­нін­дегі басқармасы
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетімен бірлескен «Әдебиет – руханияттың діңгегі» атты шарасы аясында еліміздің белгілі ақындарымен кезекті кездесуі болып өтті. Игілікті жоба Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ма­қа­ла­сы­ның «Туған жер» бағдарламасы негізінде қолға алынған еді.

Кездесуге қазақ поэзиясында өзіндік орны бар, ақындар Ғұсман Жандыбаев, Жанарбек Әшімжан және Мақпал Мыса қатысты. Кездесуді ақын Ерлан Жүніс жүргізді.
Әдеби кешке шараның өткізілуіне ұйытқы бол­­ған Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Баш­баев, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік уни­вер­си­тетінің аға оқытушысы, профессор Сайлау Қожағұлов, т.б., қонақтар қатысты.
Кездесу барысында ақын Ғұсман Жанды­баев ақындық туралы тебірене сөз қозғап, өт­кен күннің естеліктерімен бөлісті. Ал ақын, «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы Жанарбек Әшімжан әдеби кешті ұйымдасырып отырған Тіл басқармасына шынайы алғысын білдіріп, туған ел, Отан жайлы жырларын оқ­ып, оқыр­мандардың сауалдарына жауап берді.
Ақын Мақпал Мыса балалық шағы туралы қысқаша баяндап, туған жер туралы жазған «Қайнар бұлақ басындағы қарағай» атты өлеңін оқыды. Ақын Ғұсман Жандыбаев: «Менің әдебиеттегі мектебім «Жұлдыз» жур­налы болды. Осы журналды оқи отырып, әдебиеттегі жолымды ашуға мүмкіндік алдым. Кейін Алакөл аудандық газетінде ақын Сәкен Иманасов ағамыз екі өлеңімді жариялады. Осыдан кейін мені редакцияға жұмысқа шақырды. Қастек Баянбаев, Сәкен Има­на­сов­тармен бірге жұмыс істей жүріп, сол кісілерден де көп дүниені үйрендім. Ал Алматыға келге­німде Мұқағали Мақатаев, Қадыр Мыр­залиев­тің де жақсы бағасын алдым», – дейді. Кеш барысында қонақ болып келген үш буын ақын­дарына түрлі сұрақтар қойылып, шынайы рухани сыр шертілді. Кеш соңында Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі бас­қар­масының басшысы Айдар Башбаев сөз алып, әдебиеттің шамын жағып келетін қаламгерлерге шығармашылық табыс тілеп, руханияттың бесігін тербетер осындай жүздесудің әр ай сайын жалғасын таба беретінін айтты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір