Өзбекстан Абай мұрасына ден қойды
16.03.2018
1257
0
Қадым заманнан қоңсы қонған өзбек елі­мен арадағы салқындық сейіліп, өзара қарым-қатынас қайта нығая түскені белгілі. Оған 2018 жылдың – Қазақстандағы Өзбекстан жылы бо­лып белгіленуі нақты дәлел. 2018 жылдың 13 наурыз күні Өзбекстан Президенті Шавкат Мир­зиеев қазақтың бас ақыны – Абай Құ­нанбайұлының шығармашылық мұрасын на­сихаттау туралы қаулыға қол қойды. Құжат­та Абай Құнанбайұлының есімі мен шығарма­шы­лық мұрасы қазақ халқының ғана емес, бар­ша түркі халықтарының, оның ішінде өз­бек халқының рухани даму тарихында өшпес із қалдырғаны айтылып, «Екі халықтың дос­тығы мен бауырластығының нығаюына елеулі үлес қосқанын ескере отырып және Өзбекстан қоғамының қазақ әдебиеті мен өнерін те­реңірек тануы үшін мәдени-гуманитарлық бай­ланыстарды дамыту мақсатында Өзбек­станда Абай Құнанбайұлының шығармашы­лық мұрасын кеңінен зерттеу мен насихаттау туралы ұсыныс мақұлдансын», – делінген. Қау­­лыға сәйкес, ұлы ақын, ойшыл Абай Құ­нан­­байұлының шығармашылық мұрасын кеңі­нен зерттеп, насихаттайтын ұйымдастыру ко­митетінің құрамын бекіту, Абайдың «Таң­дамалы» шығармалар жинағын және «Өзбек-қазақ әдеби байланыстары» әдеби-сарап­тама­лық мақалалар жинағын әзірлеп, баспаға беру, жыл сайын 10 тамызда – Абайдың туған кү­нін­­де Ташкенттегі ақын ескерткіші жанында салтанатты шаралар өткізу, оқушылар мен сту­денттер арасында «Абай шығармаларының біл­гірі» шығармалар байқауын ұйымдастыру ұсы­нылып отыр. Одан бөлек, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мақалалар мен теле, радиоматериалдар әзірлеу, оқу орын­дарын­дағы мектептерде, әскери бөлімдер мен ұжым­дарда тақырыптық кештер өткізу қарас­тырылған.
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір