2018 жылғы Әдебиет пен өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығынан үміткерлерге
КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ
Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясы 2018 жылғы Мемлекеттік сыйлыққа конкурс жариялайды.
Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы отандық мәдениетті дамытуға ерекше үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалары үшін беріледі.
Конкурстық шығармаларды қабылдау 2018 жылдың 1 наурызына дейін жүргізіледі.
Мемлекеттік сыйлыққа үміткер авторлар, олардың конкурсқа ұсынған еңбектерінің тізімдері және үміткерлерді ұсынып отырған ұйымдардың аттары ашық жариялылық түрде кеңінен талқылану мақсатында республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Мемлекеттік сыйлыққа қабылдау аяқталғанға дейін бес жылдан әрі емес және кемінде бір жыл бұрын көпшілік назарында жүрген бір автордың немесе авторлар ұжымының жұмыстары қабылданады.
Жұмыс Мемлекеттік сыйлыққа бір рет қана ұсыныла алады.
Бұрын Қазақстан Республикасы сыйлықтарына ие болған жұмыстар Мемлекеттік сыйлық алу конкурсына жіберілмейді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты жаңа шығармасын бұрынғы алған сыйлығынан бес жыл кейін ғана ұсынуға мүмкіндігі бар.
Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған үміткер ұжымы 5 адамнан аспауы тиіс.
Бір үміткер кандидатурасы Мемлекеттік сыйлыққа бір ғана шығарма немесе ұжымдық жұмыстар ұсына алады.
Бір автор немесе авторлар ұжымы Мемлекеттік сыйлыққа қатарынан екі рет ұсыныла алмайды.
Тұлға мемлекеттік сыйлыққа ұсынғаннан кейін қайтыс болған жағдайда, лауреаттың дипломы, төсбелгісі мен ақшалай сыйақысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұра бойынша беріледі.
Үміткерлердің кандидатураларын мемлекеттік органдардың алқалары, шығармашылық одақтар мен ұжымдар ұсынады.
2018 жылғы Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі шешім баспасөз беттерінде жарияланады.
Ұсынылған еңбектерді тіркеу үшін мына құжаттар қажет:
1. Мемлекеттік органның немесе шығармашылық одақтың ұсынысы.
2. Жиналыс хаттамасы.
3. Шығармашылық мінездеме.
4. Үміткердің жеке іс-қағазы.
5. 2 дана суреті (3*4).
6. Ұсынылған еңбектің 20 данасы.
7. Тұлғаны растайтын құжаттың көшірмесі.
8. Шығарманың авторы және шығарма жөнінде қысқаша нақты мәлімет (мемлекеттік және ресми (орыс) тілдерінде).
6-шы пунктке байланысты түсініктеме. Кітаптар, ноталық жазбалар, бейнелеу өнері туындыларының өнімдері, сәулет өнерінің схема-сызбалары, ғимараттардың, кешендерді, т.б. фотосуреттері, кинофильмдер мен спектакльдерден бейнетаспалар немесе фотокөріністер, концерттік қойылымдар мен орындаушылық өнердің бейне немесе аудио-таспалары 20 дана етіп ұсынылады.
Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылатын еңбектер және тиісті құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, 5-қабат, 521-бөлме, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі.
тел.: 8 (7172) 74-04-75.