ТУРИЗМ ТҮРЛЕРІН ДАМЫТУҒА БАРША МҮМКІНДІК БАР
24.11.2017
13965
3

Еліміздегі туризм төңірегінде түрліше көзқарас қалыптасқан. Туризм бойынша шетелдермен иық тірестіріп, бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін мемлекет тарапынан ҚР туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілген болатын. Бүгінгі таңдағы қазақстандық туризмнің түйткілді мәселелері төңірегінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Рекреациялық география және туризм кафедрасының аға оқытушысы Руслан БАЙБӨРИЕВ әңгімелеп берген еді.


Руслан БАЙБӨРИЕВ,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Рекреациялық география және туризм кафедрасының аға оқытушысы


– Туризм қоғам өміріндегі ең маңыз­ды салалардың біріне жатады. Әлем­дік бәсекелестік тұрғысынан ал­ғанда Қазақстандық туризмнің ар­тықшылықтары мен кемшіліктері ту­ралы өз ойыңызбен бөліссеңіз.
– Қазіргі заманда туризм ин­дуст­риясы қызмет көрсету, ма­те­риал­дық емес өнім өндіру саласында көш бастап, экономикалық тұрғыдан ХХІ ғасыр «феномені» атануда. Қо­ғамдық өмірде туризмнің алатын ор­ны ерекше. Күн санап демалыс пен саяхаттаудың адам өміріндегі маңыздылығы арта түсуде. Еліміздегі туризм саласының қазіргі жағдайы шет елдермен салыстырғанда, ту­ризм­ді зерттейтін ғалымдар мен зерт­теушілердің пайымдауынша ор­таша деңгейде деп қорытындылауға болады. Оған мысал ретінде, жыл сайынғы Швейцарияның Давос қа­ласында өтетін Әлемдік Эко­но­ми­ка­лық Форум конференциясының са­раптамалық нәтижесін келтіруге болады. 2017 жылғы әлем елдерінің ту­ризм индустриясының салыс­тыр­малы даму көрсеткіші бойынша Қа­зақстан 136 мемлекет арасында 81 орын­ға тұрақтаған (2015 жылы – 85 орын). ТМД елдері арасында біз Ук­раина, Армения, Тәжікстан, Қыр­ғыз­стан, Молдавия сынды мем­ле­кет­тердің алдыңғы қатарында орын ал­ғанбыз. Жалпылай алғанда, елі­мізде туризмді дамыту үшін барлық қа­жетті, мәдени, тарихи, геог­ра­фия­лық және климаттық жағдайлар бар. Тәуелсіздік алған соң мәдени және тарихи құндылықтарды жаңартуға бағытталған бұл саланы дамытуға ал­ғышарттар жасалынуда. Алайда, бұл өз кезегінде көліктік, инфра­құры­лымдық, сауда орындары, ден­саулық сақтау қызметтерін же­тіл­діруді қажет етеді.
Менің ойымша, Қазақстан
Рес­публикасы туризм саласының әлем­дік бәсекелестіктегі артықшы­лығына оң­тайлы географиялық орналасуын (шетелдердің көзқарасы бойынша, еліміз Еуропа мен Азияны байланыс­тырушы мемлекет ретінде қарас­ты­рылады); антропагендік өзгеріске тап болмаған, көрікті де, алғашқы қал­пында сақталған табиғи нысан­дар­дың бар болуын, (ЮНЕС­КО та­­рапынан қорғауға алынған ны­сан­дар оған дәйек болмақ); Қа­зақ­стан халқының дәстүрлі қонақ­жай­лы­лығы мен тарихи-мәдени құн­дылықтарын жатқызуға болады. Қа­­зақстанда 9000-нан аса архео­ло­гиялық және тарихи мұралар сақ­тал­ған. Елімізде 118 ерекше қорғалатын таби­ғи аумақтар, олардың арасында экологиялық туризмді дамытуға мүмкіндік тудыратын 11 мемлекеттік ұлттық табиғи парк жұмыс атқарады. Елі­міздегі ең танымал орындар Ал­маты облысындағы «Алтын-Емел» мен «Іле-Алатау ұлттық паркі», Пав­лодар облысындағы «Баянауыл», Ақмола облысындағы «Көкшетау» мен «Бурабай» болып табылады. «Там­ғалы Тастағы» жартасқа са­лынған суреттер, Шарын шатқалы, «Ән­ші құм» және «Бесшатыр» сақ қор­ғандары аса көрікті деп сана­лады.
Кемшіліктерге тоқталар болсақ, ол ең бастысы – үкімет басшылығы та­рапынан бұл салаға деген көз­қа­расының мардымсыз болуы. Мем­ле­кеттік бюджеттен қаражаттандыру тұрғысынан, туризм индустриясын сапалы басқару жұмыстарын жүрзігу та­рапынан қолдаудың аз болуы. Сонымен қатар, халықаралық бәсе­келестік тарапынан, еліміздегі ту­ризм саласында қызмет көрсету са­па­сының төмен деңгейі, бейнеленген бағасына сапаның сәйкес келмей­тін­дігі шетел азаматтары тарапынан елі­мізге деген қызығушылықты тө­мендететіндігі сөзсіз.
– Соңғы жылдары еліміздің бар­лық саласында елеулі өзгерістер орын алып отырғаны белгілі. Туризм саласы да бұдан тыс қала алмайды. ҚР турис­тік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілген еді. Бұл тұжырымдама күтілетін нә­тижелерді қаншалықты ақтап жатыр деп ойлайсыз?
– Еліміздің индустриалды-ин­но­вациялық үдемелі дамуы бағдар­ла­масында Қазақстанда туризмді да­мытуға бөлек тармақ арналған. Мем­лекет тарапынан, елімізде ту­рис­тік саланы дамытудың 2020 жыл­ға дейінгі тұжырымдамасы бе­кітілген. Бағдарламаның мақ­сат­та­рына сәйкес, мемлекет өзінің іскер се­ріктестерімен бірлесіп, еліміздің бар­лық өңірлерінде туристік инф­ра­құрылымды жетілдіру және құры­лысын жүргізу бекітілген. Ту­ризмді кластерлік дамыту жүйесі бойын­ша, Маңғыстау облысында «Кендірлі», Ақмола облысында «Бу­рабай» және Алматы облысында Қап­шағай су қоймасының жаға­лауын­дағы «Жаңа Іле» сияқты ха­лықаралық туристік орталықтарын, курорттар мен демалыс аймақтарын құру жөніндегі үш ірі жобаны атап кетуге болады. Келешек өңірлік жо­баларға Ақкөлдегі «Шаржұм» де­малыс аймағын, «Қатон-Қара­ғай» емдеу-сауықтыру кешенін, «Шеберлер ауылы» этнографиялық кешенін, сондай-ақ, Алматы облы­сындағы тарихи «Талхиз» кешенін жатқызуға болады. Сонымен қатар, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көліктік дәліз бойындағы туристік клас­терлер де маңызды жоба болып табылады. Тұтастай алғанда, ха­лық­аралық стандарттарға сай келе­тін 48 нысан құру көзделген, жаңа туристік бағыттар пысықталуда. Соның ішінде: іскерлік және қа­лалық туризм, белсенді және са­наторлық демалыс, этно-мәдени ту­ризм, сондай-ақ, эко­логиялық ту­ризмді айтуға болады.
Алайда, Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының туристік саласын да­мыту­­дың 2020 жылға дейінгі тұжы­рым­дамасының нақты қадамдары әліге дейін сала өкілдері үшін тү­сі­ніксіз қалпында. Мемлекеттік бағ­дарламада көрсетілген шаралар ке­шенінің іске асырылуы, қазіргі таңда, то­лықтай оңтайлы нәтижелер көрсетіп жатыр деп айтуға болмайды. Сондық­тан болар, аталмыш бағдарлама өзінің заңнамалық күшін тоқтатып, соның негізінде, мемлекет тарапынан Қа­зақ­стан Республикасының туристік са­ласын дамытудың 2023 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасы бекітілді. Де­мек, нақты нәтижелерге толықтай жет­пей жатып, жыл сайын үкімет тара­пынан жаңа бағдарламалардың ен­гі­зілуі, туризм индустриясының да­муына кері әсер ететіндігі сөзсіз. Жаңа бағдарлама негізгі мақсатына келер болсақ:
1) ішкі және кіру туризмін да­мы­ту;
2) өңірлік мәдени-туристік клас­терлерді дамыту;
3) мемлекеттің экономикасына ту­ристік саланың үлесін арттыру, ин­вестицияларды ынталандыру;
4) туризм индустриясында және қо­сымша экономика салаларында жұмыс орындарын ашу;
5) кәсіпкерлікті, оның ішінде экономиканың аралас салаларында ШОБ-ты және ауылдық аудандарды қоса алғанда, жалпы еліміз бойынша және өңірлерде адами әлеуетті да­мыту;
6) туристік өнім сапасын арттыру жә­не оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
7) туристік, оның ішінде ерекше қор­ғалатын табиғи аумақтар сала­сын­да туристік дамытуды жоспар­лау;
8) туристік инфрақұрылымның одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
9) туристік дестинацияларды ішкі және халықаралық нарықтарда ілгерілету;
10) бірыңғай ұлттық туристік бренд­ті қалыптастыру болып табы­ла­ды.
– Туризмнің өзі бір емес, бірнеше бағытта жұмыс істейді. Алдағы уа­қыт­та Қазақстандық туризм қай ба­ғыт­қа көбірек күш салғанын қалар едіңіз?
– Еліміздегі туризм саласының бо­лашақ дамуы әлбетте мемлекет та­рапынан қолдауды қажет етеді. Егер туризм түрлеріне тоқталар бол­сақ, елімізде туризмнің көптеген түр­лерін дамытуға барша мүмкіндік­тер бар. Солардың арасын бөліп-жа­рып айтатын болсақ, перспек­тив­тілік тұрғысынан экологиялық ту­ризм, іскерлік және оқиғалық ту­ризм­ді айтуға болады. Экологиялық туризм мемлекеттік бағдарламада алдыңғы қатарлы, дамыту мүмкіндігі жоғары туризм бағыты екендігі ай­тылған. Осыған орай, Шығыс Қа­зақ­стан туристік кластері бекітілген. Қазақстанның көрікті табиғаты мен таңғажайып қоршаған орта нысан­дары, алауан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі туристер тарапынан үл­кен қызығушылық тудырады. Ал­маты – еліміздің ғана емес, Орталық Азия мемлекеттері арасында эко­номикалық тұрғыдан көшбасшы қа­лалардың бірі. Еліміздің бас қа­ласы Астана – әлем астаналарымен тере­зесі тең, болашақтың қаласы. Аталмыш қалаларда халықаралық дең­гейдегі көптеген іс-шаралар жү­зеге асырылып, іскерлік туризмді да­мытуға барша мүмкіндіктер қа­растырылған.
– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен Нұрлайым БАТЫР.

ПІКІРЛЕР3
Аноним 12.05.2021 | 09:55

Өте дұрыс айтасыз

Аноним 11.03.2024 | 12:44

Өте дұрыс

Аноним 11.03.2024 | 12:44

👍

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір