ОНЫҢ ЖОЛЫ – МӘҢГІЛІК ЖОЛ
24.11.2017
1668
0

Жуырда белгілі журналист Қаршыға Есімсейітованың редакторлығымен көрнекті балалар ақыны Адырбек Сопыбековтың «Мәңгілікке дейінгі жол» атты жинағы жарық көрді.

Адырбек Сопыбеков – кісілігі мен кішілігі қатар жарасқан, таби­ға­ты таза жан ретінде көпке үлгі бол­ды. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көр­сеткен қадірлі жан парасат-пайы­мы арқылы қасындағыларға ыл­ғи да шуағын шашып жүретін. Ке­мел білімге суарылған кісілік бол­мысы кім-кімді де өзіне баурап алар еді. Қызылорда облысының Құр­метті қайраткері, Қазақстан Жазу­шылар одағы мен Қазақстан Жур­налистер одағының мүшесі Адыр­бек Сопыбековтың 20-дан ас­там жинағы баспадан шыққан. Өлең­дері орыс, беларус, өзбек тіл­де­ріне аударылған. Сонымен қатар ол өзінің туып-өскен ауданының та­рихы мен қазіргісін кеңінен қам­ти­тын энциклопедиялық жинақты дайындауға көп күш салып, қажыр­лы еңбек етті. Туған жерінің ше­жі­ре­шісі ретінде талай ұмытыла бас­та­ған ұлттық құндылықтарды қайта қал­пына келтіруге есепсіз тер төгіп, та­рихи жәдігерлердің жаңғыруына жа­нашырлықпен шынайы жұмыс іс­теді. Қазақ ауыз әдебиетінің жар­қын үлгісі айтыс өнерін асқақтатып, жер­гілікті жас таланттарды табуда тал­май еңбектенді.
Адамгершілік асыл қасиеттері мен кісілік болмысы, бір басына же­­­терлік таудай таланты арқылы ха­лық сүйіспеншілігіне бөленді. Қа­зақстанның Халық жазушысы Мұ­зафар Әлімбаев «Қазақ хал­қы­ның тарихында балаларға ар­нал­ған жақсы өлең-жырлар көп. Оны жи­нақ­тап беру үшін «Қазақ балалар поэ­зиясының антологиясын» жасауымыз керек. Бұған Абайдан бас­тап Адырбекке дейін кіру керек», – деген болатын. Ал біртуар ақын Сыр­бай Мәуленов болса «Адырбек­тің өлеңдерінде өмірлік таным, жы­лы леп бар», – деп, ақынға деген шы­найы лебізін білдіріпті. Бұдан бөлек қаншама қайраткерлер Адырбек Сопыбековтың шығарма­шы­лы­ғы­на оң бағасын берген болатын. Бұл ақынның ізгілікке толы кәусар жыр­ларына деген хыалықтың баға­сы деп айтуға әбден болатындай.
Адырбек Сопыбековтың шығар­ма­шылығына ден қойған әрбір оқыр­ман «Мәңгілікке дейінгі жол» жи­нағынан ақын туралы мол мағлұ­мат алары сөзсіз.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір